№53 «Құркелес» жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
- Жалпы ереже
- Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік)сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 10 қарашадағыҚазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленген және ұсынымдық сипатқа ие.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі мен халықаралық ынтымақтастықдепартаменті болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың ерекшеленген саласына арналған ұсынымдар жүйесін орнатуға бағытталған.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу міндеттері:
- қоғамдың қатынастардың ерекшеленген саласында жұмыс істейтін адамдардың нақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын
қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлық көріністерінуақытылы анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қағидаттары:
- заңдылық;
- ашықтық;
- әдептілік;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау; 5) мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтауға жәнесыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың ерекшеленген саласында жұмыс істейтін адамдардың әрекеттері мен шешімдерін анықтайды.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартың негізіне сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу көзқарасы тұрғысынан:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қамтитын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;
- өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау;
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобасын дайындау;
- тиісті тіршілік әрекеті саласының ерекшелігіне байланысты өзге де қоғамдық маңызы бар қарым-қатынас кезінде лауазымдық міндеттерді орындау бойынша тікелей іс-әрекеттер алынған.
- Қоғамдық қатысты ерекшеленген салада жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-әрекет) ережесі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қамтитын тиісті салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
- Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын,Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министр мен Жауапты хатшының бұйрықтарын, сондай-ақ Министрліктің ережесін басшылыққа алу;
- Қазақстан халқының бірлігі мен еліміздің ұлтаралық келісімдінығайтуға ықпал ету, мемлекетік және басқа де тілдерді, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін құрметтеу;
- жеке тұлғалармен, заңды тұлғалар өкілдерімен және әріптестермен қарым-қатынас жасауда адал,әділ, қарапайым болу, көпшілік мақұлдаған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, сыпайылық және биязылық таныту;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қабылданған шешімнің айқындылығын қамтамасыз ету;
- өз әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға ұшырауға, сынның артына түспеуге жол бермеу, өз әрекетінің кемшіліктерін жою және жақсарту үшін конструктивті сынды қолдану;
- жеке басының мәселесін шешу барысында мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік қызмет және басқа адамдардың әрекеттеріне ықпал ету үшін қызмет бабынпайдаланбау;
- шындыққа сәйкес емес мәліметтерді таратпау;
- заң бойынша тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген қылықтар мен өзге де заң бұзушылықтар жасауға жол бермеу;
- мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы орындауды қамтамасыз ету, еңбек тәртібі мен шарттарын сақтауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету.
- Мемлекеттік қызметті және басқа да рұқсат беру қызметтерін көрсету кезінде:
- тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;
- қолжетімді түрде қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және шынайы ақпарат ұсыну;
- қарастырылмаған құжаттарды сұратып алуға жол бермеу, мемлекеттік қызмет пен басқа да рұқсат беру функцияларын көрсету барысында әртүрлі әуре-сарсаңнан (салғырттықтан) аулақ болу;
- сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылыққа
итермелеукезінде басшылыққа жеткізу;
- мемлекеттік қызмет көрсету кезінде үнемділік пен тиімділік танытып, мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіруді қамтамасыз ету.
- Лауазымды тұлғаларға тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға байланысты мемлекеттік сатып алуды іске асыру кезінде мыналар ұсынылады:
- мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау;
- Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда мемлекеттік сатып алуды өткізурәсіміне қатысу үшін әлеуетті жеткізушілерге тең мүмкіндіктер ұсыну;
- мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы менайқындығын қамтамасыз ету;
- сыбайлас жемқорлық белгілеріне жол бермеу;
5)атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және Бірыңғай борышкерлер тізіліміне қосылғанәлеуетті жеткізуші және (немесе) оларға тартылатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ретінде қатысушыға жол бермеу.
- Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде:
- қызметтік міндеттерді орындау кезінде мүдделер қақтығысының, жеке бас мүддесінің туындағаны туралы, сыбайлас жемқорлық әрекетінежәне сыйлық алу итермелеу туралы тікелей немесе өз басшысына жеткізу;
- жеке басының мәселесін шешу барысында мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және басқа да адамдардың әрекеттеріне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;
- әріптестерге, басшыларға және өзге делауазымды тұлғаларға сыйлық жасамау және мүліктік пайда немесе артықшылық пайда алу үшін қызметтік өкілеттілікті пайданала отырып қызметтік емес қызмет көрсетпеу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, сыбайлас
жемқорлықсипатындағы заң бұзушылықты ашуға белсенділік таныту;
- сыбайлас жемқорлық фактілері белгілі болғаны туралы, сондай-ақ қандай да бір материалдарды қарауды жылдамтқаны үшін пайда көруге итермелегені немесе әуре-сарсаңға салғаны туралы басшылыққа жедел түрде жеткізу;
- атқаруүшін алынған өкімнің заңдылығына күманданған жағдайда бұл туралы тікелей басшыға жазбаша түрде хабарлау;
- егер мүдделер қақтығысына тікелей басшының өзі қатысты болса, жоғары тұрған басшыға жүгіну;
- табыс табуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де әрекеттерді іске асыруда біреуге көмектесуден бас тарту.
- Нормативтік құқықтық актілерді дайындау кезінде:
- нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындау мен талықылауда қоғамның, бүкіл ақпараттық құралдардың міндетті түрде қатысуын қамтамасызету;
- Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен тұрақты негізде құқықтық актілер монитроингі мен тиісті есептер дайындауды үйлестіруді қамтамасыз ету;
- әзірленген нормативтік құқықтық актілер жобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен келісуге жіберуге дейін көпшілікпен талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілерді интернет-порталға орналастыру;
- сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормативтік құқықтық актілер нормаларын пайдаланбау.
- Министрлік қызметшілерін/жұмыскерлерін таңдау мен орналастыру бойынша кадр жұмысын ұйымдастыру кезінде мыналар ұсынылады:
- тағайындау материалдарын қараудың белгіленген мерзімін сақтау;
- Министрлікке қызметке/жұмысқа қабылдау кезінде лауазымды тұлғаларға жүктелетін негізі міндеттерді, тыйымдар мен шектеулерді
түсіндіру;
- кадрларды іріктеу барысында Қазақстан Республикасы
заңнамасының талаптарын сақтау;
- мемлекеттік қызметкерлердің жеке деректері туралы мәліметтерді негізсіз беруге жол бермеу;
- қызметке/жұмысқа үміткерден еңбек шартын жасауға қатысы жоқ құжаттарды талап етпеу;
- Министрлік жұмыскерлеріне қатысты қызметтік тексеруді әділ және жан-жақты жүргізу.
- Тіршілік әрекеті саласына байланысты пайда болған басқа да өзара қатынас барысында:
- бағынышты лауазымды тұлғалардың міндеттері мен қызметтік өкілеттігінің көлемін нақты және анық белгілеу;
- бағыныштағы лауазымды тұлғалардың арасындағы еңбек
жүктемесін біркелкі бөлмеуге жол бермеу;
- олардың әрекеттерінің нәтижелерін бағалау барысында, сондай-ақ мадақтау және жаза қолдану кезінде шындық және әділдік таныту,
- бағынышты жұмыскерді орынсыз айыптауға, дөрекілік факторларына, адамның ар-намысына тиюіне, жөнсіздікке, дөрекі мінезқұлыққа жол бермеу;
- олардың лауазымдық міндеттерінен тыс немесе орындалмайтын, сондай-ақ заңға қайшы тапсырма бермеу;
- қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу барысында
- бағыныштылардың әрекеттеріне әсер ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;
- бағыныштыларды сыбайлас жемқорлық заң бұзушылық жасауға итермелемеу;
- өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында әріптестерде туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша түбегейлі шараларды өз уақытында қабылдау;
- мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, автокөлікқұралдарын қоса алғанда, мүліктіқызметтік мақсатта ұтымды, тиімді пайдалану.