«Ұстазым, ұлағатым, үлгі өнегем» атты мерекелік жиын
Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ – даңқын асырды бар әлемнен.
«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
Жүргізушілер шығып:
1 – жүргізуші:
Армысыздар, бармысыздар, қош келдіңіздер, құрметті де аяулы ұстаздар!
2 – жүргізуші:
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен ертеңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетті бас иелік мәңгілік!
1 – жүргізуші:
Назым, бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
2 – жүргізуші:
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
І – жүргізуші:
Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!
БІРГЕ: МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ІІ – жүргізуші:
Сен қалай ойлайсың, Назым? Менің ойымша, кез – келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық – өнер, тағлымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
І – жүргізуші:
Әдемі, мен осы сөздің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүрегі – ауыр жүк.
Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
ІІ – жүргізуші:
Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ – отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшышы Жанхазы Ташибаев ағайды шақырамыз.
І – жүргізуші:
Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!
Алдарыңызда «Мектебім» әнімен Қамбар Альвина мен Адамбек Назым
ІІ – жүргізуші:
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша адам.
Ол мектептен шықпаса да қыс – жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Көрсем дейді күнге де қол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.
І – жүргізуші:
Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар – дей келе «Ұстазым» биін қабыл алыңыздар
ІІ – жүргізуші:
Әдемі, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
І – жүргізуші: Ал ендеше баста.
1 – жүргізуші:
«Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,
2 – жүргізуші:
«Ұстазға қарап шәкірт өседі»
1 – жүргізуші:
«Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»
2 – жүргізуші:
«Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»
1 – жүргізуші:
«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы»
2 – жүргізуші:
Назым, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең – шумақтарына кезек берелік.
1 – оқушы:
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестірдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып
Қас – қабағың қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың – ау нұр жүзіне сүйсініп
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.
2 – оқушы:
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла – ай.
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.
1 – жүргізуші:
Табан теріп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал – бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында
2 – жүргізуші:
Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да! дей келе Кудабаева Сараның орындауындағы ән «Мектебім» қабыл алыңыздар
1 – жүргізуші:
«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
2 – жүргізуші:
Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімінің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр.
1 – жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, сіздер салып кеткен сара жол – ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.
2– жүргізуші:
1 – сұрақ:
Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір жағдай болды ма?
2 – сұрақ:
«Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
3 – сұрақ:
Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?
Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар. Өздеріңізге арналған шағын сыйымызды қабыл алыңыздар
1 – жүргізуші:
Ұстаз – шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау – адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
2– жүргізуші:
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз, - дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз «Мектебім»
Көрініс
Анасы баласына мектепке бар балам
Баласы жоқ бармаймын.
Неге бармайсың?
Баласы шешесіне айтады:
-Мен енді мектепке бармаймын!
Неге бармайсың?
-Сол...Асқар таспамен оқ атады, Тоқтар оқулықпен басымнан ұрады, тағы біреуі аяғымен шалады...
Бармаймын!
-Жоқ, балам, сен қайткенде де баруың керек. Біріншіден, жасың он екіде, екіншіден мектепте оқуың керек.
Анасы ұлын мектепке алып келеді.
Ұстазына жолығады.
-Кеше сабақта сіздің ұлыңыз партаға шыбынның суретін салып қойыпты. Баласы мен сурет салғанымды есімнен шығарып оны шын екен деп қолымды ұрып алдым. Анасы сіз оны айтасыз, - дейді бірде ол ваннаға крокодилдің суретін салыпты. Зәрем ұшқаны сондай, тұра қашамын деп қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым.
Мұғалім:
- Картадан Ертіс өзенін көрсет.
Бала:
-???
-Мұғалім:
-Неге көрсетпейсің, үнсіз қалдың ғой?
Бала:
-Апай, картадан ағып жатқан өзен көрінбей тұр дейді.
1 – жүргізуші:
Осы мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
2 – жүргізуші:
Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің келіп тұр ма?
1 – жүргізуші:
Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.
2 – жүргізуші:
Ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.
Сұрақтар:
1.Домбыра – жетеу,
Сырнайда – алтау, қобызда – бесеу. Бұл не? /Әріп/
2.Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/
3.Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
4.Теңізде қандай тас болады? /Құрғақ/
5.Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
6.Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/
1 – жүргізуші:
Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған.
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан.
2 – жүргізуші:
Ұстаз мейірі – Ана мейрімі пара – пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар – дей келе Нұралы Дінмұхамет пен Қамбар Ұлбосынның орындауындағы ән «Ұстазым» қабыл алыңыздар.
1 – жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім
Төгілген арай, шуағым.
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын
Мұғалім, ғазиз мұғалім –
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған жыр әнін – дей келе «Ұстазымсың» вальс биін көріп тамашалаңыздар.
2 – жүргізуші:
«Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.
1 – жүргізуші:
Қадіріңді кезінде
Білмепті ғой ұланың.
Қазір әрбір сөзіңе,
Елеңдейді құлағым.
Бірдей етіп ұстадың.
Демей бізге бөтенсің.
Кейде ақылын ұстаздың
Сағынады екенсің
Сол ұстазға жаны нұр,
Демек үлкен адаммын.
Есейсек де бәрі бір,
Баяғы шәкірт, балаңмын – деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.