Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Түркістан облысы Келес ауданы №53 Құркелес жалпы орта мектебі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы Келес ауданы №53 Құркелес жалпы орта мектебі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/keles-bb.edu.kz/53kyrkeles-keles.edu.kz/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

«Өмір  қымбатсың  маған!»  тренинг

Тақырыбы:  «Өмір  қымбатсың  маған!»

Мақсаты:

   Өмір  адам  баласына  бір  ақ  рет  берілетін  қымбат  сый  екеніне  ықпал  ету.

   Адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту. Жақсы қасиеттерді үйрету,  жаман  қасиеттерден  жирену.

   Балалардың  ойын  ашу,  өмірге  деген  көзқарастарын  қалыптастыру.

Көрнекілігі:

Барысы:

І.Ұйымдастыру  бөлімі

ІІ.Кіріспе  сөз

Шыдамдыны  мына  өмір  ұнатады,

Бірде  қуанып,  бірде  жылатады,

Сүріндіріп  кейде  сені  құлатады.

Жылатып  тұрып  жұбатады.

Дұшпандарға  кейде  сені  сынатады,

Қатал  тағдыр  бірақта  шыдатады,

Мына өмір бірақ та қымбат әлі, - демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың. Сол жолдан адаспаудың ең  бірінші жолы ол – өзіңді сыйлау, өзіңді өзің тану, өзіңді өзің қадірлеу. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні  туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.

Сұрақ – жауап

  • Өмір дегеніміз  не,

Қалай  түсінесің?

  • Өмірдің мәні  не  деп  ойлайсыңдар?
  • Өмір адамға  несімен  қымбат?
  • Сіздер өмірде  өздеріңді  бақыттымын  деп  санайсыңдар  ма?
  • Егер саған  біреу  қатты  дауыс  көтеріп  ұрысса,  сен  не  істейсің?
  • Келешекте сіздер  өз  өмірлеріңізді  қалай  құрар  едіңіздер?

ІІІ.Топтық  жұмыс

Ең  бастысы – жүрегің  таза  болсын;

Өмір – сенің  мүмкіндігің,  пайдалана  біл;

Өмір – сұлулық,  сүйсіне  біл;

Өмір – арман ,  жүзеге  асыр;

Өмір – парыз,  орындай  біл;

Өмір – ойын,  ойнай  біл;

Өмір – байлық,  бағалай  біл;

Өмір – махаббат,  ләззат  ала  біл;

Өмір – құпия,  сырын  аш;

Өмір – қайғы,  көтере  біл;

Өмір – күрес,  жеңе  біл;

Өмір – бақыт,  баянды  ете  біл.

Дәйексөз

   Өмір  теңіз  жүзем  онда  демеңіз

   Ізгіліктен  жасалмаса  кемеңіз

ІV Өмір  деген  тұрмайды  қап – қарадан  Ш.Сариев

Өмір  деген  тұрады:  Таң  мен  Кештен,

Ғұмырлы  екі  араны  жанмен  кешкен.

Құпия,  жұмбақ,  сырлы  дүниеге,

Адамдар  Арман  келіп,  Арман  көшкен.

Өмір  деген  екі  өзен:  Мұң – Қуаныш,

Толқыны:  Шындық – Жалған.  Күлкі – Намыс.

Бір  таяздап,  өмірде  бір  тереңдеп,

Бір  лайланып,  өмірде  бір  тұнамыз.

Күн  десең  де,  тірлікті  түн  десең  де,

Өмірде  өсімдіктей  бүрлесеңдер,

Жолында  жолығатын  қос  тағдыр  бар:

Жуман – Жантақ,  Гүл – Тікен,  Гүл  мен  Шеңгел.

Өмір  дәмі,  екі  дәм:  Ащы – Тәтті,

Таңдайыңа  тиеді:  Жұмсақ – Қатты.

Жолында  жолығатын  екі  тағдыр,

Күтеді  Адам  үшін  сын  сағатты.

Өмір  дәм – екі  дәм:  Улы – усыз,

Тірлік  татып  жатады  шулы – шусыз.

Кез  келіп  тағдырына  келеді  Адам,

Жұмыр  Жер  құрлығында  сулы – сусыз.

Қолға  түспес  дүние  жұрт  таласқан,

Кітап – Өмір  парағын  құнттап  ашқан.

Сезінер  жүрегімен,  жаныменен,

Өмір  әр  кез  ашық  Күн,  Бұлт  та  басқан.

Өмір  деген  тұрмайды:  Қап – қарадан.

Өмір  деген  тұрады:  Ақ – Қарадан,

Ақ – Қара,  екі  арасын  ашып  өтіп,

Арымен  өз  бақытын  тапқан  Адам!

Ақын «ақ»  және «қара»  деп  нені  меңзеп  отыр?

Қай  уақытта  адам  өмірі  «аққа»  толы  болады?

Адам  өз  бақытын  табу  үшін  не  істеуі  керек?

Өмір деген – Алланың берген сыйы. Өмірдің ащы да, тәтті кезеңдері болады. Бұл кезеңдерді жеңе білу керек.  Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай  өткізуі  тиіс.  Яғни  адам  саналы,  жарқын  өмір  сүруі  тиіс.

Өмірдегі кездесетін сәтсіздіктерді уақытша қиындық деп қабылдау керек. Әр нәрсенің ақырын шыдамдылықпен  күтіп, не істесеңде ойланып істеуге үйрену керек. Сабырлы, шыдамды, төзімді болуды үйрен. Өмірде бәріде өкініш екенін  ұмытпа.

V.Жағдаяттар

Төменде берілген жағдаяттарды сен қалай шешер едің. Осы баланың қабылдаған шешімі дұрыс деп ойлайсың ба?

Дәлелде.

Жағдаяттар:

1.Ата – анасы  ішімдікке  салынған.  Үйінде  өмір  сүруге  жағдай  жоқ,  қара  нан  мен  қара  шайдың  өзі  сирек  кездеседі.

Жауабы:

Осы балаға берер кеңесіміз өмірден түңілмеу керек, әке – шешесінің жолына түспеу керек. Осы өмірдің бір қадамы  болуы керек. Өзінің бар өмірі алда екенін түсініп, өзінің әке – шешесіне ермей, өзінің жақсы өмір сүруіне талпыну  керек. Егер әр адам баласына түскен қиыншылықты жеңе алмай, өз–өзіне қол жұмсаса, адамзат әуелі құрып кетер еді.

  1. Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны  өзінің  кемшілігі  деп  санайды.  Досы  жоқ  жалғыз  қалады.  Шешімі  қоштасу  болады.

Жауабы:

Біздің ойымызша бұл жалғыздық. Жалғыздық тек құдайға тән қасиет. Ол бала өмірдің қызығы тек киініп, ішіп жеу деп  ойлайды. Біз оған өзіне жақын дос табуына тілектеспіз және өзін – өзі бағалай білу  керек. Өмір үшін қандай болса да  қиындыққа тәуелді болмай күресуі керек.

  1. Тамаша өмір  сүрудің  7 кілті
  2. Өзіңді таны өз  ішіңе саяхат жаса. Күнделік жаз. Жүрегің, көңілің, ар – ұжданың не дейді? Не нәрсені алдыңғы  қатарда ұстайды? Мына әлемге терең үңіліп, сыры мен қырын меңгерудің жолы ең алдымен ішкі жандүниеңе  сапар  шегумен  басталады.
  3. Өмірге шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла, жүрегіңнің дауысына құлақ сал да соны қорға. Өмірде бір  нәрселерді  қорғау үшін ат алыспасаң, барлық нәрсе сенің мәртебеңді түсіреді.
  4. Үнді ырғаққа айналдырған ғашық – дүр. Ғашықтық, сүйіспеншілік болмаса, тартымдылық кем болса өмірдің  құрғап  қалған  бұтақтан  ешқандай  айырмашылығы  қалмайды.
  5. Істеген амалдарыңның  барлығы  ең  алдымен  қиял – ойдан  бастау  алады.  Өмір  деген  барлық  адамдар  үшін,  ойлағандарын  жүзеге  асыру,  істеген  ісінің  әрі  істейтін  ісінің  ең  дұрысына  жету.
  6. Жеңіс қайсарлықты қажет етеді. Бастапқы кездегі қайсарлық кейіннен сенімге айналады. Сенім адам  бойындағы  қызметке  деген  ынтаны  ояндырғанда,  мүмкіндіктер  одан  сайын  жоғарылай  береді.
  7. Өмір жылдам қозғалыс, шешім мен шешімді  болуды талап етеді. Күдіктенгендер артта қалады. Өмірдің үстімен  жүрмесең,  өмір  сенің  үстіңнен  жүретін  болады.
  8. Тек қана ақылды, саналы әрі ұқыпты әрекеттердің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады. Алмасты  жонбасаң  қолыңда  тек  тастың  түйірі  қалады.  Шүкір  етуді  ұмытпау  керек!

«Биік  шыңға  ұмтылу»

Оқушыларға  аяқталмаған  сөйлем  беріледі

Оқушыларға  аяқталмаған  сөйлемді  жалғастыру  ұсынылады  (парақ  таратылады)

Тақтаға  сөйлемнің  басы  жазылған

Ашық  айтқанда,  маған  әлі  қиын....

Ашық  айтқанда,  мен  үшін  өте  қымбат....

Ашық  айтқанда,  маған  ұнайды....

Ашық  айтқанда,  мен  қуанамын....

Оқушылар  жұпта  жұмыс  жасайды  (Бір – бірлерінің  жағымды  әрі  жағымсыз  мінез  ерекшелігін  айтады)

Ойынның шарты оқушыларға бір парақ ақ қағаздар  таратылады. Таратылған ақ қағазды оқушылар скочтың  көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір – бірлерінің бойындағы жағымды  және жағымсыз мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан  дөңгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды.

Қағазды  жыртпай,  өздеріне  естелікке  қалдырады.

Қорытынды: Оқушылар өз бойларындағы жақсы қасиеттерін мақтан тұтып, жаман қасиеттерін жоямыз деп бір – бірлеріне уәде береді және тілеген тілектеріміз орындалсын деп хошемет көрсетіп (қол соғып) тренингті аяқтаймыз.  Оқушылар бүгінгі сабақ жайлы өз ойларын айтып, қолдарынан ұстап тілек айтып сабақты аяқтаймыз.