Бекітемін
Мектеп директорының м.у.а:
__________________
А.Омаров
№53 «Құркелес» жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ұлыстың Ұлы Күні - Наурыз» мерекесіне арналған «Қош келдің әз – Наурыз!» мерекелік
іс – шара жоспары
Қ/с |
Атқарылатын жұмыстар |
Мерзімі
|
Орындаушы |
Жауапты |
1 |
«Қош келдің әз – Наурыз!» мерекелік іс – шара жоспарын жасап бекіту |
16.03.2023 ж |
А.Омаров |
ДТІЖО А.Омаров |
2 |
Жиын өтетін орынды безендіру
|
20.03.2023 ж |
Сынып жетекшілері |
ДТІЖО А.Омаров |
3 |
Музыкалық апаратураны дайындау |
21.03.2023 ж |
Н.Алданов |
ДТІЖО А.Омаров |
4 |
Жиын өтетін орынға кезекші мұғалімдерді дайындау |
21.03.2023 ж |
Қ.Сейдулла С.Бишов Ж.Ақпанбетов Е.Қамбар А.Ақбердиев Д.Садуақас
|
ДТІЖО А.Омаров |
5 |
Қонақтарды қарсы алып, орынға жайғастыру |
21.03.2023 ж
|
Шаруашылық меңгерушісі Н.Айтбай
|
ДТІЖО А.Омаров |
6 |
Мерекелік жиынға оқушыларды дайындау
|
21. 03.2023 ж |
Сынып жетекшілері |
ДТІЖО А.Омаров |
7 |
ҚР Мемлекеттік әнұранын орындау
|
09 00 – 09 05 |
Аға тәлімгер А.Конусбаева |
ДТІЖО А.Омаров |
8 |
Салтанатты жиынның ашылуы
|
09 05– 09 10 |
А.Омаров |
А.Омаров |
9 |
1 – 4 сынып қыздар арасында «Қыздар сұлу көрінер ақылымен» (әдет – ғұрып, салт – дәстүрге бағытталған сайысы)
|
09 10 – 11 00 |
Ұйымдастырушы педагог Б.Сариева Аға тәлімгер А.Конусбаева |
ДТІЖО А.Омаров |
|
5 – 11 сынып оқушылары арасында концерттік бағдарламасы |
1100 – 13 00 |
Ұйымдастырушы педагог Б.Сариева Аға тәлімгер А.Конусбаева |
ДТІЖО А.Омаров |
10 |
Жастар арасында ұлттық ойын түрлерін ұйымдастыру
|
13 00– 1400 |
Дене шынықтыру мұғалімдері А.Нұрымбетова Д.Ақпанбетов
|
ДТІЖО А.Омаров |
11 |
Салтанатты жиынның жабылуы |
1400 – 14 10 |
Аға тәлімгер А.Конусбаева |
ДТІЖО А.Омаров |
Іс шара жоспарды түзген: А.Омаров
«Қош келдің – әз Наурыз!»
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт – дәстүрімізбен, әдет – ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Барысы: Кіріспе
1 – жүргізуші:
Естілгенде көк аспанның астында,
Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран.
Бір қазақтың үніндей боп шарықта.
Бір қазақ боп мен өзіңе бас ұрам.
Шарықтаған, әнұраным шарықта,
Оны айтуға ел жастары жалықпа.
Өздеріңдей өркендерге сеніп тұр,
Мынау тарих, келешекте, халық та.
Таусылмас жүректегі асқақ әнім,
Тек биікте самғатам жыр қыранын
Азатпыз, Тәуелсізбіз, Еркінбіз! – деп шырқайық Ұлы Отанның Әнұранын (ҚР Әнұраны орындалады)
2 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз «Жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
1 – жүргізуші:
Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй – дастархан, даламыз сахынамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!
2 – жүргізуші:
Көктем жетті көл – көсір шуақ құрып,
Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
1 – жүргізуші:
Бармысыздар, қадірменді халайық! «Ұлыс оң болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік аты болсын», - деп, өткенге сала – уат айтып, келер күнен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен дос құшақтарды айқастырып табысатын қасиетті күн – Наурыз мерекесі құтты болсын! Ағайын.
Ұлыс күні кәрі – жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып көріскен.
Аталар бата беріскен
«Сақтай гөр» деп терістен.
«Кел, таза бақ, кел» десіп,
Осында отырған аталарымыз бен ағаларымыз құран оқысын.
Мұғалім:
Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
Бүгінгі «Қош келдің – әз Наурыз!» мерекесін ашу үшін алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директорының міндетін уақытша атқарушысы Омаров Анарбай мырзаға беріледі.
1 – жүргізуші:
Енді ортаны баршыңызға ашайық
Көрермендерге жырдан шашу шашайық
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып
Өнерменен інжу – маржан шашайық
Алдарыңызда Нұржанқызы Айеркенің орындауындағы ән «Мереке» қабыл алыңыздар
5 – сынып оқушыларының «Наурыз» биін қабыл алыңыздар
2 – жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.
1 – жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
Қаһарлы қыста өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!
2 – жүргізуші:
Ана деген адамға Атамекен,
Әр адам анаменен адам екен.
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,
Бір күні тәтті ұйқыдан садаға екен, - дей келе келесі кезекте әсем әнге береміз.
Әбдімұрат Нұрсұлтанның орындауындағы ән «Наурыз» қошеметпен қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші
Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз.
Би: «Ақжұлдыз» орындайтын қыздар тобы
2 – жүргізуші:
Наурыз айы – гүл айы
Наурыз айы – нұр айы.
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шырайы
1 – жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Алдарыңызда Анарбай Шұғыланың орындауындағы ән «» қабыл алыңыздар
Қыздар биін қабыл алыңыздар
2 – жүргізуші:
Жиналдық Наурыз тойға бәрімізде
Үлкен – кіші жасымыз кәріміз де.
Әрбір ұлттың жиналған өкілдері
Өнерлерін көрсетуге келді міне.
Көрермендерге жырдан шашу шашайық
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып
Өнерменен інжу – маржан шашайық.
Алдарыңызда 7 – сынып оқушыларының «Күй шашу» биін қабыл алыңыздар
Қыдарымыздың «Қызымын елдің бақытын тапқан өнерден» әнін қабыл алыңыздар
1 – жүргізуші:
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің! - дей келе «Қазақша биін» қабыл алыңыздар орындайтын қыздар тобы.
2 – жүргізуші:
Армысың мектебімнің қауымдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады – дей келе 8 – сынып оқушыларының «Вальс» биін қабыл алыңыздар
Келесі би «Қаражорға»
Тұяқбаева Аружанның орындауындағы ән Асыл ана
1 – жүргізуші:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Сіздер үшін өнерпаздар асығады
Көмейден тәтті әндер шашылады – дей келе Мейрамбек Аяжанның орындауындағы ән «Қазақ қызы» қабыл алыңыздар
Келесі тамашалайтындарыңыз «Алға Қазақстан» биі
2 – жүргізуші:
Күтіп жүрдім нұр көктемді сағына,
Келеді ол балалардың бағына.
Барлық бала өнерлерін көрсетіп
Ән мен бимен қуантады тағы да – дей келе Тұрсынбек Жанерке мен Қамбар Аружанның орындауындағы ән «Қазақ қыздары» қабыл алыңыздар
Би «Күй тарту» орындайтын 9 – сынып оқушылары
1 – жүргізуші:
Ән толқыны тағы да бір тербелсін,
Әсем залда қоңыр күйің кернесін.
Көрермендер өнеріңе тәнтті боп,
Риза болып, қол соғылсын келгенсін! – дей келе Тұрсынбек Жандарбектің орындауындағы ән «Қызыл гүлім – ай» биін қабыл алыңыздар
2 – жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Жер – Ана,
Алып келді жер бетіне гүл көктем – дей келе 10 – сынып қыздарының биін қабыл алыңыздар
2 – жүргізуші:
Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған.
1 – жүргізуші:
Шат күлкіге шомылып замандары,
Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.
Әрбір жанның арманы орындалып,
Сәтті болсын биылғы қадамдары.
Алтын күні шуақ шашып аспаннан,
Жаңа жылым жыр думаннан басталған,
Ақ дастархан жайып қазақ төріне.
Ақ ниетпен үлкендерден бата алған. – деп бүгінгі «Қош келдің – әз Наурыз!» атты концерттік бағдарламамыз аяқталды.
«Қыздар сұлу көрінер ақылымен»
Мақсаты:
Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс – қимыл, жүріс – тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс – әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау одан әрі дамыту.
Жүргізуші:
Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызды қош келдіңіздер дейміз.
Атам қазақ ерте заманнан – ақ ұрпақ өсіріп, оны тәрбиелеу ісіне ерекше назар аударған. Әсіресе қыз балаға аса көңіл бөлген оны ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп адагершілікке, имандылыққа тәрбиелеген.
Жүргізуші:
«Қыздар сұлу көрінер ақылымен» атты байқауын ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші:
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Ал, халайық аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
(Қыздарды таныстырып ортаға шақыру)
1 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Смайыл Диана Ердаулетқызы
2 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Бауыржанқызы Аяжан
2 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Дүйсенбай Зере Нұрсейітқызы
3 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Татеей Нұрсауле Ерғазықызы
4 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Дүйсенбай Гүлназ Нұрсейітқызы
Жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
1.__________________________________________________________
2.__________________________________________________________
3.__________________________________________________________
4.__________________________________________________________
Жүргізуші:
Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман тәтті.
(сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар)
Жүргізуші:
1.Бөлім: «Мен қазақтың қызымын» байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін – өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты сынға түседі.
2.Бөлім: «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» аруларымыз ән айтады.
3.Бөлім: «Мен билеймін дөңгелеп» деп байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз би билейді.
4.Бөлім: «Көрініс» көнеден келе жатқан салт дәстүрге байланысты
Жүргізуші:
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қызды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.
1.Бөлім: «Мен қазақтың қызымын» байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін – өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты сынға түседі.
1 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Смайыл Диана Ердаулетқызы
2 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Бауыржанқызы Аяжан
2 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Дүйсенбай Зере Нұрсейітқызы
3 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Татеей Нұрсауле Ерғазықызы
4 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Дүйсенбай Гүлназ Нұрсейітқызы
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз.
Жүргізуші:
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты таңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан
Өнеріңді кәне бүгін көрсетші
Мына жұртқа қошеметпен қол соққан дей отырып бұл бөлімде: «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» аруларымыз ән айтады.
1 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Смайыл Диана Ердаулетқызы
2 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Бауыржанқызы Аяжан
2 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Дүйсенбай Зере Нұрсейітқызы
3 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Татеей Нұрсауле Ерғазықызы
4 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Дүйсенбай Гүлназ Нұрсейітқызы
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз.
Жүргізуші:
Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек
Айдай толған кезімде
Би билеймін дөңгелеп – дей келе келесі 3.Бөлім: «Мен билеймін дөңгелеп» деп байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз би билейді.
1 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Смайыл Диана Ердаулетқызы
2 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Бауыржанқызы Аяжан
2 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Дүйсенбай Зере Нұрсейітқызы
3 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Татеей Нұрсауле Ерғазықызы
4 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Дүйсенбай Гүлназ Нұрсейітқызы
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз.
Жүргізуші:
Ай нұрлы арулардың ғажабын – ай,
Ай дидар күлімдеген ажарын – ай.
Қыздарын қай заманда болсадағы,
Құлпырған қызғалтақтай қазағымай – дей келе Қазақ халқы салт дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткер «Ұлт дәстүрі – заңнан да биік» - деген. Демек салт дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры биік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт дәстүрімен, өнегелі әдет – ғұрыппен, үлгілі жөн – жосықпен әдепті ырым – тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Халқына деген құрмет оның салт дәстүрін қастерлеумен бағаланады.
4.Бөлім «Көрініс» көнеден келе жатқан салт дәстүрге байланысты
1 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Смайыл Диана Ердаулетқызы
2 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Бауыржанқызы Аяжан
2 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Дүйсенбай Зере Нұрсейітқызы
3 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Татеей Нұрсауле Ерғазықызы
4 – сынып оқушысы өнерлі ару қызымыз Дүйсенбай Гүлназ Нұрсейітқызы
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз.
Жүргізуші:
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» дегендей қыздарымыз ата – бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт – дәстүрін, әдеп – ғұрпын сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы болып өссе дейміз. Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Бекітемін
Мектеп директорының м.у.а:
__________________________
А.Омаров
№53 «Құркелес» жалпы орта білім беретін мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайыс
Тақырыбы: «Қыздар сұлу көріне ақылыменен»
Бекітемін
Мектеп директорының м.у.а:
__________________________
А.Омаров
№53 «Құркелес» жалпы орта білім беретін мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ұлыстың Ұлы Күні – Наурыз мерекесіне
арналған «Қош келдің – әз Наурыз!»
атты концерттік бағдарламасы
2023 оқу жылы