Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Түркістан облысы Келес ауданы №53 Құркелес жалпы орта мектебі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы Келес ауданы №53 Құркелес жалпы орта мектебі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/keles-bb.edu.kz/53kyrkeles-keles.edu.kz/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Бекітемін

Мектеп  директорының  м.у.а:

_________________
А.Омаров

№53 «Құркелес» жалпы орта білім беретін мектебі комуналдық мемлекеттік мекемесі «Берекелі жаңа жыл! 2023»  атты  жаңа жылдық  салтанатты  жиынның  іс – шара  жоспары

Қ/с

Атқарылатын  жұмыстың  мазмұны

Уақыты

Орындаушы

Жауапты

1

Ата – аналарға,  ұстаздарға  шақыру  қағазын  тарату

 

29.12.2022 ж

Мектеп  әкімшілігі

А.Омаров

2

Жиын  өтетін  орынды,  шыршаны  безендіру

 

29.12.2022 ж

Мектеп  әкімшілігі

А.Омаров

3

Техника  қауіпсіздік  ережесін  сақтау

 

30.12.2022 ж

С.Оңғарбаев

Д.Садуақас

А.Омаров

4

Музыкалық  апаратураны  дайындау

 

30.12.2022 ж

Мектеп  әкімшілігі

 

А.Омаров

5

Сынып  оқушыларын  жасыл  шыршаға  дайындау

 

30.12.2022 ж

Сынып  жетекшілер

А.Омаров

6

Қонақтарды  қарсы  алып,  отырғызу

 

10 00

Мектеп  әкімшілігі

А.Омаров

7

Кезекші  мұғалімдер

 

0800 – 1800

Ж.Ақпанбетов

С.Бишов

Қ.Сейдулла

А.Ақбердиев

С.Тойымбетов

А.Омаров

 

8

Жүргізушілердің  кіріспе  сөзі

 

11 00 де

А.Конусбаева

А.Омаров

9

Жиынның  ашылуы

 

1105 – 1110

А.Омаров

А.Омароа

10

5 – сыныптан – 11 сынып  аралығындағы  оқушылардың  бағдарламасы

 

1110 – 14 20

Сынып  жетекшілері

А.Омаров

11

Қонақтарға  сөз

 

 

1420  - 14 25

А.Конусбаева

А.Омаров

12

Жиынның  жабылуы

14 30

А.Омаров

 

А.Омаров

 

 

Іс – шара  жоспарды  дайындаған:                                     ДТІЖО  А.Омаров

«БЕРЕКЕЛІ  ЖАҢА  ЖЫЛ! 2023»

1 – жүргізуші:

Армысыздар,  ардақты  ағайын,  ұлағатты  ұстаздар!

2 – жүргізуші:

Бармысыздар,  замандас  бауырлар,  шабытты  шәкірттер!

1 – жүргізуші:

Айнала  қоршап  шыршаны,

Шашылар  шашу  жыр  әні.

Мынау  әсем  шыршаға,

Қош,  келдіңдер,  балалар!

2 – жүргізуші:

Барлық  жандар  бір  білікке  қосқан  үн,

Бақытты  боп  бастады  жыл  дастанын.

Қуанышпен  келді  той  деп  жаңа  жыл,

Құтты  болсын  жаңа  бақыт  достарым.

1 – жүргізуші:

   Құрметті  ата – аналар,  оқушылар,  ұстаздар,  қонақтар!  Жаңа  жыл  мерекесіне  арналған  «БЕРЕКЕЛІ  ЖАҢА ЖЫЛ  2023!»    атты  кешімізді  бастауға  рұқсат  етіңіздер. 

2 – жүргізуші:

   Жаңа  жыл  тек  қана  бақыт,  қуаныш  әкелсін  дей  отырып,  бүгінгі  көңілді  кешіміздің  алғашқы  сөз  кезегін  мектеп  директоры  Омаров  Анарбек  ағайға  береміз

1 – жүргізуші:

Бүгін  келді  жаңарып

Сәбилердің  тағы  да

Би  биледі  ән  салып

Жасыл шырша жанында – дей келе Мамыр Інжу мен Нұржанқызы Айеркенің «Жаңа  жыл» әнін  қабыл алыңыздар

2 – жүргізуші:

Сәлем  бізден  баршаға

Құттықтаймыз  жыр  сала

Бүгін  бізде  жаңа  жыл

Қош  келіпсіз  шыршаға.

1 – жүргізуші:

Жаңа  жылда  көңілді

Шырқалады  әніміз.

Ата – аналар  сіздерді

Құттықтаймыз  бәріміз.

2 – жүргізуші:

Аппақ  тонға  оранып,

Базарлықты  мол  алып.

Келеді  алыс  сапардан,

Аяз  ата  оралып.

1 – жүргізуші:

Келеді  Аяз  атамыз,

Қасында  Ақшақары  бар.

Қызыққа  әбден  батамыз,

Қарсы  аламыз  баршамыз.

2 – жүргізуші:

Ал  енді  құрметті  халайық!  Бүгінгі  кешіміздің  қадірлі  қонағы  әрі  сәні  Аяз  ата  мен Ақшақарды  қарсы  алайық!

1 – жүргізуші:

Қош  келдіңіз,  Аяз  ата!

Амансың  ба,  Ақшақар!

Аяз  ата:

Амансыңдар  ма,  ұлдарым?

Амансыңдар  ма,  қыздарым?

Қандай  жарқын  жүздерің,

Қандай  әсем  билерің.

Асулармен  Алыстым.

Асу  желмен  жарыстым.

Шыршамызға  асығып,

Өздеріңмен  таныстым.

Ақша  қар:

Армысыздар,  оқушылар,  ата – аналар!

Жаңа  жылдарыңыз  құтты  болсын!

Жаңа  жыл  бірлік  пен  татулық  жылы  болсын.

Әрбір  отбасы  үшін  ырыс  пен  береке  жылы  болсын.

Қоян   жылы  молшылық  мәресі,

Жақсылық  сыйлар  жылдың  төресі  болсын.

2 – жүргізуші:

Аяз ата сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз, енді отырып дем алыңыз. Біздің сізге арналған жаңа жылдық    тартуларызды  қабыл  алыңыз.

1 – жүргізуші:

Жаңа  жыл  келсе  жаңарсын  барлық  жүректер,

Жаңарсын  барлық  жаңаша  болып  тілектер.

Қырықтың  бірі  Қыдырдан  берсең  қаңтарда,

Ұл  менен  қызға  уыздай  аппақ  жүрек  бер – дей  келе  5 – сынып  оқушыларының  «Өзбекше»  биін  қабыл  алыңыздар.

2 – жүргізуші:

Жүзімізге  күлкі  ойнап

Қанаттанды  жанымыз.

Жаңа  жылды  біз  тойлап

Шаттанамыз  бәріміз. – дей  келе  5 - сынып  оқушыларымыздың  «Вальс»   биін  қабыл  алыңыздар

Армысыздар,  бармысыздар,  халайық,

Бүгін  біздер,  би  билеп  ән  салайық.

Келе  жатқан  жаңа  жыл  бәрімізге

Тамылжыта  ән  салып  би  билеп  қарсы  алайық – дей  келе  6 «А» сынып  оқушыларының  «Вальс»  биін  қарсы  алыңыздар 

1 – жүргізуші:

Жүзімізге  күлкі  ойнап

Қанаттанды  жанымыз.

Жаңа  жылды  біз  тойлап

Шаттанамыз  бәріміз. – дей  келе  6 «А» – сынып  оқушыларының   «Флешьмоб»  биін  қабыл  алыңыздар

1 – жүргізуші:

Қуыршақтар  бізде  бүгін  қонақта,

Дөңгеленіп  би  билесін  ортада.

Қуыршақтар  сүйкімдісің  қандайсың

Қанша  қарап  отырсаң  да  тоймайсың – деп  6 «Ә» сынып оқушыларымыздың  «Флешьмоб»   биін  тамашалайық.

2 – жүргізуші:

Жаңа  жыл  туындаған  жаңа  армандар

Жаңа  жыл – шуылдаған  жаңа  ормандар.

Ал  мынау – мәңгі  бақи  жаңа  дүние,

О,сәлем  жаңа  жылда  жаңарғандар – дей  келе  6 «Ә» сынып оқушыларымыздың  «Валсь»  биін  қабыл  алыңыздар.

1 – жүргізуші:

Бойынан  шалқып  тасқан,  тарап  ағын,

Бәріңде  ұлысың,  дара  бәрің,

Жаңа  жыл  сіздерге  тек  құт  әкелсін

Құрметті  тыңдап  отырған  қонақтарым

1 – жүргізуші:

Жаңа  жыл,  жаңа  бақыт,  жаңа  жыр.

Жаңа  жылда  арналады  бар  өмір.

Құт болып береке  бер  халқымызға

Мерейі мәртебесін биікке асыр – дей келе  Адамбек  Балауса мен Татеев Бақжанның орындауындағы ән «Көзімнің  мөлдірін - ай»  қабыл  алыңыздар

Нұралы  Гүлбахар  мен  Сапар  Нұрбақыттың  орындауындағы  ән «Көңілді  күн»  тамашалаңыздар

2 – жүргізуші:

Шырша  айналып  әндетіп,

Би  билейміз  сәнді  етіп.

Қандай  жақсы  жаңа  жыл,

Өткізейік  мәнді етіп – дей келе Тұяқбаева Аружанның орындауындағы  ән «Сегізінші  керемет»  қабыл  алыңыздар 

Тұрсынбек  Жанерке  мен  Қамбар  Ұлбосынның  орындауындағы  ән  «Біздің  насталгия»   қабыл  алыңыздар

1 – жүргізуші:

Жаңа  жылым,  бейбіт  күнім,  жаратқан,

Жаңа  жылым,  достық  үнін  таратқан!

Елің  үшін,  жерің  үшін  кең  байтақ,

Жаңа  жылда,  жаңа  күнмен  қанаттан! – дей  келе  7 «А» сынып  оқушыларының  «Валсь»   биін  қабыл  алыңыздар

7 «Ә» сынып  оқушыларының  «Валсь»  биін  қабыл  алыңыздар

Алдарыңызда  жас  өнерлі  8 – сынып  оқушыларының  «Вальс»  биін  қабыл  алыңыздар

Келесі  көріп  тамашалайтындарыңыз  9 «А» сынып  оқушыларының  «Валсь»  биін  қабыл  алыңыздар

2 – жүргізуші:

Жаңа  жылым,  ырысы  мол,  дана  бір,

Жаңа  жылым,  жазылмаған  жаңа  жыр!

Өз  еліме  ала  келсін  қашанда,

Жаңа  жылым,  жаңа  бақыт,  жаңа  нұр! – дей  келе  9 «Ә» сынып  оқушыларының  «Валсь»  биін   қабыл  алыңыздар

Келесі  би:  «Флешьмоб»  10 – сынып  оқушылары

1 – жүргізуші:

Жаңа  жылым,  жаңа  айым,  ақ  берген,

Жаңа  жылым,  келді  бірге  бақпенен.

Төрлет  түлігім  түгел  болып  жеріме,

Арылмасын дастарханнан ақ  деген! – дей келе  7«Ә» сынып оқушыларының «Біздің  оқушылар» көрінісін  қабыл  алыңыздар

2 – жүргізуші:

Жаңа  жылым,  жарқын  жүзді  жандарым,

Жаңа  жылым,  әрбір  атқан  таңдарым!

Үміт  артқан  болашаққа  ақ  жарқын,

Сөнбесінші  әр  үйдегі  шамдарың – дей  келе  7 «А»____________________  оқушыларының  көрінісін   қабыл  алыңыздар.

1 – жүргізуші:

Ей,  жаңа  жыл,  жаңа  бақыт  ырысым.

Жақсылықтың  жаршысы  да  нұрысың.

Адамдардың  асқақтаған  арманы,

Ақындардың  таусылмайтын  жырысың – дей  келе  8 – сынып  оқушыларының  «Зың  зың  Күлпәш»  көрінісін  тамашалаңыздар.

Келесі  көріп  тамашалайтын  көрініс  «Көрші  қыз»  қабыл  алыңыздар

2 – жүргізуші:

Мектебіміздің  бишілерін  шақырайық,

Қошеметпен,  құрметпен  қарсы  алайық.

Бишілерімізді  ырғалтып  би  билетіп,

Қол  соғып  биік  шыңға  самғатайық – дей  келе  «Флешьмоб»  тамашалаңыздар

1 – жүргізуші:

Жаңа  жыл  келді,  Шаттыққа  бөлейді,  жанымды.

Сезімді  өрлетіп,  Вальске  тербетіп  Өзімді.

Құрбыммен  қиялдай,  жастықты  қия  алмай,  Билеймін.

Жаныммен  жадырап,  Құшаққа  алып – ап,  Көктегі  гүліндей.

Дей  келе   бітіруші  сынып  оқушыларының   «Вальс»   биін  көріп  тамашалңыздар

2 – жүргізуші:

Келеді  жылдар,  кетеді  жылдар  ауысып,

Мөлшерлеп  алған  уақыттарын  тауысып.

Береке,  бірлік,  бейбітшілік  төрінде,

Тұрайық  әркез  татулықпен  қауышып.

1 – жүргізуші:

Жаңа  жыл – әрбіріңіздің  отбасыңызға  жаңа  нұр,  жаңа  шуақ, табыс пен береке, қуаныш  пен мереке  алып келсін.  Жаңа  жыл  баршамызға  берекелі,  мерекелі  жыл  болсын.  Келесі  жаңа  жылда  кездескенше  аман – сау  болайық.

Жаңа  жылдарыңыз  құтты  болсын.