Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Түркістан облысы Келес ауданы №53 Құркелес жалпы орта мектебі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы Келес ауданы №53 Құркелес жалпы орта мектебі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/keles-bb.edu.kz/53kyrkeles-keles.edu.kz/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Аяулы күз, Атлын күз – 2022

Жүргізуші:

Армысыздар мейірімді ата – аналар, қымбатты ұстаздар және оқушылар! Табиғат – күллі тіршілік атаулының қуатты  қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына  молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден айналаның бәрі сап – сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата – бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін  тойлау кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып, «Аяулы  күз, Алтын  күз – 2022»  мерексімен құттықтаймын.

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,

Көңілді серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,

Береке  бірлікпенен ортақтассын.

Көңіл  қойып,  құлақ  салыңыздар!

Үнсіздік  орнап  тына  қылыңыздар!

Бүгінгі  біздің  бағдарламамызда:

Келтіретін  әрдайым  сезім  күйін,

Көресіздер  қызықтың  неше  түрін

Әншінің  анықтаған  әнін  естіп,

Көңіліңіз  қалары  хақ  бір  серпіліп.

Осылай  бәрі – бәрі  болып  жатса,

Мақсатқа  қалар  едік  біз  де  жетіп.

Жүргізуші:

Күз  мейрамы  құтты  болсын  баршаға,

Күздің  сәні  келіп  қапты  ортаға.

Әділқазы  алқалармен  таныстырып,

Кетейінші  осы  отырған  баршаңа – дей  отырып  әділқазы  алқаларымен  таныстырып  өтейін.

1.______________________________________________________
2.______________________________________________________
3.______________________________________________________
4.______________________________________________________
5.______________________________________________________

Сайыс  бес  бөлімнен  тұрады:

  1. Кел танысайық  (топтың  таныстыруы)
  2. Өз өнерін  көрсету  (ән,  би,  өнер  түрлері)
  3. Қол өнер  (күзгі  табиғи  материалдан  жасаған  жұмыстарын  көрсету)
  4. Сән үлгісі  (күзгі  сән  үлгілерін  көрсету)
  5. Ас мәзірі  (ас  адамның  арқауы  жеміс – жидектерден  салат  дайындау)

Жүргізуші:

Біздерде  ойын – сауық  басталады,

Тамаша  ән  айтылып,  би билейді.

Қошеметтеп  қол  соғып  отырайық,

Ұмытармыз  күні  бойы  шаршағанды.

Аққудай  әдеміміз,  сұлу  жанбыз

Жан  сұлуы  мен  тән  сұлулығын  тепе – тең  ғып

Еріксіз  өзімізге  қаратамыз – деп  «Аяулы күз, Алтын күз – 2022»  атты  байқауымызға  қатысатын  үміткерлерімізді  қошеметпен  ортаға  шақырамыз.

1 – үміткерлеріміз:

Абдубакир  Арайлым

Ташибай  Диана

2 – үміткерлеріміз:

Нұралы  Гулбахар

Сапар  Нұрбақыт

3 – үміткерлеріміз:

Қарсыбай  Әсемай

Омар  Жанерке

4 – үміткерлеріміз:

Ташибай  Жанна

Жүсіпбек  Ақниет

5 – үміткерлеріміз:

Абдубакир  Гүлкен

Құдабаева  Сара

Қош  келдіңдер  үміткерлер

«Аяулы  күз,  Алтын  күз – 2022»  кешіне.

Қош  келдіңіздер  көрермен  халқымыз

Отырыңыз  қол  соғып,

Шат  күлкіге  бөленіп.

Астық  толы  қоймамыз,

Құтты  болсын  мереке,

«Алтын  күзді»  тойлаймыз.

Ендеше құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен топтың қайсысы бірінші болып  шығатынын  анықтап  алайық. Ол  үшін  жеребе  татрса  дейміз.

Құрметті  көпшілік  көрерменім,

Жақсылыққа  әрдайым  артқа  сенім.

Ақ  жол  тілеп  үкілі  үміттерге

Таныстыру  шартына  кезек  бердім.

Ендеше  бірінші  шартымыз  «Кел  танысайық!»  үміткерлеріміздің  өздерін  таныстыруы.  Олай  болса  танысайық.

Ардақты  да  аяулы  әділқазыларға  жүгінейік.  «Кел  танысайық!»  бөліміне  бағасын  берсеңіздер  екен.

Асыл  тастан,  өнер  жастан,

Шығады  деп  дарынды.

Халық  айтса,  қалт  айтпас,

Әрқашанда  нанымды.

Сол  шындықты  күнделікті,

Көріп  жүрміз  өмірден.

Өнерімен  танысайық,

Тілекші  боп  көңілден .

Ортаға  сайыскерлеріміздің  «Өз  өнерлерін»  тамашалайық.

Әділқазы  алқалары  әділ  бағсын  берсеңіздер

Көрсетеді  өнер  әр  салада  сайысып,

Қимылдары  жүргендей  бір  жай  ұшып.

Мерекелік  күзгі  сыйды  жасапты,

Қыздарымыз  бірлесіп «Қол  өнер»  бөлімінде  қатысушыларымыз  күзгі  сыйдан  өз  шығармашылықтары  бойынша  дайындап  әкелген  туындыларымен  таныстырсын.  Олай  болса,  топтарымыздың  өздері  дайындаған  табиғи  материалдан  әкелген  жұмыстарын  таныстырып  өтсін. 

Жәнеде  әділ қазылар  алқасы  да  қарап  бағалап  жіберсе.

Бүгінгі  кеш  өтіп  жатыр  өз  мәніменен,

Әр  сұлу  әсем  болар  өз  сәніменен.

Күз  сәні  өнерімен  ортаға  шығып,

Сән  көрсетер  сайыскерлер  сәніменен – деп  қатысушыларымыз  өз  шығармашылықтарымен  жасаған  (Күзгі  сән  үлгілерін  көрсетеді)  сән  үлгісінде  ортаға  шақырамыз.  Олай  болса,  қол  соғып  қошеметтеп  отырайық.

Әділ  бағасын  берсеңіздер

Көңілсіз  берген  қымыздан

Көңілді  берген  шай  артық.

Жапалап  асқан  жасықтан

Жағып  жеген  май  артық – дей  келе  «Ас   мәзірі»   (ас  адамның  арқауы  жеміс – жидектерден  салат  дайындау)

Әділқазылар  алқасы  әділ  бағаларын  берсеңіздер

Білім – теңіз,  мектепті  кеме  дейміз,

Білім  мен  тәрбие  егіз  неге  дейміз.

Әдемі  мен  тәлімі  үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын.

Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс,

Жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен – күнге.

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар – деп отырып бүгінгі «Аяулы  күз,  Алтын  күз – 2022» байқауының нағыз  құрметті әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.

Құрметті көрермендер! Жеңімпаздарға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып,  кешімізді осымен аяқтаймыз! Жеңісті күндерге кездескенше!!!

 

Бекітемін

Мектеп  директоры:

_________________
Ж.Ташибаев

№53 «Құркелес» жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Аяулы күз, Алтын күз – 2022» 

сайыстың іс–шарасы

2022 оқу жылы