«Қарттарым – асыл қазынам» атты сценарий
Мақсаты: Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтауы үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
1 – жүргізуші:
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
2 – жүргізуші:
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары.
1 – жүргізуші:
Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз. Аппақ шашың күн сайын қалыңдаған, зейнет емес бейнеттен арылмаған. Тәңірімдей табынып өтем мәңгі, қариялар өзіңді ел сыйлаған.
2 – жүргізуші:
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас – көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін
1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарым – асыл қазынам» атты кешімізге хош келдіңіздер.
1 – жүргізуші:
Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Ерсейітов Нурдаулет ағайға береміз.
2 – жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет
Құрыштан құйған құдірет.
Балалар, ол кім?
Әрине қарттарымыз.
Олай болса __________________________ орындауындағы ән «Әке Ана» қабыл алыңыздар
1 – жүргізуші:
Той деп бүгін халқым шашу шашады,
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады.
6 сынып оқушыларының «Флешьмоб» биін қабыл алыңыздар
2 – жүргізуші:
Егеменді ел болып қалыптастық,
Өркениетке нақты анық бастық.
Туған жердің тұғыры биік бол деп,
Шын жүректен ән – жырды сыйға тарттық.
_______________________ орындауындағы ән «Алтыным Ана»
1 – жүргізуші:
Арайлы ақ тілекпен
Ән жолдаймын өзіңе
Сағыныш сазы жүрекпен
Сыр арнаймын өзіңе.
5 – сынып оқушыларының «Ана» атты әнін қабыл алыңыздар
Би: 5 – сынып қыздарының орындауындағы би «Кластастар» қабыл алыңыздар
2 – жүргізуші:
Абырой амандығың арта берсін
Бақ даулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм – тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін.
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз – бірлік бола берсін.
Тап – таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін – деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет.