Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Түркістан облысы Келес ауданы №53 Құркелес жалпы орта мектебі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы Келес ауданы №53 Құркелес жалпы орта мектебі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/keles-bb.edu.kz/53kyrkeles-keles.edu.kz/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

«Екі жұлдыз» ән байқауы

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар! Бүгін міне, мектебімізде ұйымдастырылып отырған  «Екі  жұлдыз»  ән  байқауына  қош  келдіңіздер!

Жүргізуші:

Біз бүгін сайыста мектеп ұстаздарымен оқушылардың жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза  шапқа жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарға қолдау көрсетіп,  қошеметтеп  отырыңыздар.  Әр  жұп  жарық жұлдыз  болуға  лайық, олай болса шын  жүйрікті бірге анықтайық.

Жүргізуші:

Құрметті  көрермендер бүгінгі  сайыста үміткерлерімізге төрелік  ететін  әділ  қазылар  алқасымен  таныстырып  кетсек.

1.________________________________________________

2.________________________________________________

3.________________________________________________

4.________________________________________________

Жүргізуші:

«Екі  жұлдыз»  ән  байқауы  4 (төрт)  кезеңнен  тұрады.

1 – кезең:  «Патриоттық»  әндер  орындау

2 – кезең: «Қазақ  халық»  әндерін  орындау

3 – кезең: «Танымал»  әндерді  орындау

4 – кезең:  «Шумақтарына»  қарап  әнді  табу

Жүргізуші:

Қайырлы  күн  құрметті  ән  сүйер  қауым!

«Екі жұлдыз»  ән  жобасына  қош  келдіңіздер!

Ұрпақпен  өмір  жолы  жалғанады,

Көңілді  күндер  тусын  алдан  әлі

Ән – шашу  әсем  бимен,  түрлі  өнер,

Бүгінгі  күн  сіздерге  арналады.

«Екі  жұлдыз»  ән  жобасын  бастауға  рұқсат  етіңіздер!

Жүргізуші:

Ал,  кәнекей,  ағайын

Асқақ  әнге  салайын

Басы  болсын  бұл  тойдың

Шырқап  әнге  салайық, - деп  байқауымызды  әнімізбен  бастайық.

Абай  атамыз  айтқандай

«Құлақтан  кіріп  бойды  алар,

Әсем  ән  мен  тәтті  күй.

Көңілге  түрлі  ой  салар,

Әнді сүйсең менше сүй» дегендей осы сайысты бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды ашып беру сөз кезегін  мектеп  директорының  міндетін  уақытша  атқарушысы  Омаров  Анабек  ағайға  ұсынамыз.

Жүргізуші:

Сұңқылдаған  көмейді

Сыбызғының  үніндей.

Қалықтатып  созғаны,

Сарарқаның  беліндей.

Барша  осынау  қауымды

Әнмен  залға  сыйғызған – «Екі  жұлдыз»  ән  жобасына  қатысушы  жұптарды  ортаға  шақырайық,  ағайын!

Жүргізуші:

Ендеше  уақытты  көп  созбай  бүгінгі  жұлдызды  кеште  ән  шырқайтын  жұптарымызды  таныстырып  өтсек.

Бүгінгі  концертті  біз  бастайық

Қошеметтеп,  қол  соғып  отырайық!

Олай  болса  «Екі  жұлдыз»  жобасына  қатысатын  үміткерлерді  сіздердің  қошеметтеріңізбен  ортаға  шақырайық!

Жүргізуші:

1 – жұп:  10 – сынып  оқушылары  Хансейіт  Эльзира  мен  Жақсыбай  Аяулым

2 – жұп:  9 А– сынып  оқушылары:  Мейрамбек  Аяжан  мен  Татеева  Ақмарал

3 – жұп:  9 Ә– сынып  оқушылары:  Тұрсынбек  Жанерке  мен  Қамбар  Ұлбосын

4 – жұп:  8 – сынып  оқушылары:  Ибрагим  Аяулым  мен  Қиятбек  Аружан

5 – жұп:  7А – сынып  оқушылары:  Адамбек  Балауса  мен  Татеев  Бақжан

6 – жұп:  7Ә – сынып  оқушылары:  Қамбар  Еркеназ  және  Қамбар  Альбина

Жүргізуші:

Үміткерлер сахна төріне қош келдіңіздер дейміз. «Екі  жұлдыз» жобасының ережесімен таныс болдыңыздар. Әндер  жанды дауыста орындалады. Үміткерлер  келесі  критерилер бойынша  бағаланады.

1.Сырт  келбеті,  киім  кию  үлгісі – 5  ұпай

2.Әнді  орындау  шеберлігі,  сахна  мәдениеті – 5 ұпай

Үміткерлерді сіздердің  ду  қол  шапалақтарыңызбен  сахна  сыртына  шығарып  салайық.

Жүргізуші:

Көк  байрағым  желбірейді  елімде,

Қалықтасын  қыран  құсы  көгімде.

Ашық  аспан  бейбітшілік  бейнесі,

Әуеленсін  әніміз  Қазақстан  жерінде, – дей  келе  «Екі  жұлдыз»  ән  жобасын  бастаймыз.

Жүргізуші:

1 – кезең:  Патриоттық  әндер  орындау

1 – жұп  Хансейіт  Эльзира  мен  Жақсыбай  Аяулымның  орындауындағы  ән  «Қазақстаным»

2 – жұп   Мейрамбек  Аяжан  мен  Татеева  Ақмаралдың  орындауындағы  ән  «Қазақстаным»

3 – жұп:  Тұрсынбек  Жанерке  мен  Қамбар  Ұлбосынның  орындауындағы  ән  «Алаш  ұраны»

4 – жұп:  Ибрагим  Аяулым  мен  Қиятбек  Аружанның  орындауындағы  ән  «Атамекен»

5 – жұп:   Адамбек  Балауса  мен  Татеев  Бақжанның  орындауындағы  ән  «Қазағымсың»

6 – жұп:   Қамбар  Еркеназ  және  Қамбар  Альбинаның  орындауындағы  ән  «Атамекен»

Жүргізуші: 

Әділқазы  алқалары  1 – кезең:  «Патриоттық»  ән  орындаған  жұптардың  әділ  бағасын  берсеңіздер.

Жүргізуші:

2 – кезең: «Қазақ  халық»  әндерін  орындау

1 – жұп  Хансейіт  Эльзира  мен  Жақсыбай  Аяулымның  орындауындағы  ән  «Желсіз  түнде  жарық  ай»

2 – жұп   Мейрамбек  Аяжан  мен  Татеева  Ақмаралдың  орындауындағы  ән  «Көзіңнің  мөлдірін – ай»

3 – жұп:  Тұрсынбек  Жанерке  мен  Қамбар  Ұлбосынның  орындауындағы  ән  «Балқадиша»

4 – жұп:  Ибрагим  Аяулым  мен  Қиятбек  Аружанның  орындауындағы  ән  «Арыс  жағасында»

5 – жұп:   Адамбек  Балауса  мен  Татеев  Бақжанның  орындауындағы  ән  «Көзіңнің  мөлдірін – ай»

6 – жұп:   Қамбар  Еркеназ  және  Қамбар  Альбинаның  орындауындағы  ән  «Мен  қазақ  қыздарына  қайран  қалам»

Жүргізуші:

Әділқазы  алқалары  2 – кезең:  «Қазақ  халық»  әндерін орындаған  жұптардың  әділ  бағасын  берсеңіздер.

Жүргізуші:

3 – кезең:  «Танымал»  әндерді  орындау

1 – жұп  Хансейіт  Эльзира  мен  Жақсыбай  Аяулымның  орындауындағы  ән  «Армандастар»

2 – жұп   Мейрамбек  Аяжан  мен  Татеева  Ақмаралдың  орындауындағы  ән  «Қызыл  раушан»

3 – жұп:  Тұрсынбек  Жанерке  мен  Қамбар  Ұлбосынның  орындауындағы  ән  «Біздің  насталгия»

4 – жұп:  Ибрагим  Аяулым  мен  Қиятбек  Аружанның  орындауындағы  ән  «»

5 – жұп:   Адамбек  Балауса  мен  Татеев  Бақжанның  орындауындағы  ән  «Әсем  ән»

6 – жұп:   Қамбар  Еркеназ  және  Қамбар  Альбинаның  орындауындағы  ән  «Кластастар»

Жүргізуші:

Әділқазы  алқалары  3 – кезең:  «Танымал»  әндерін орындаған  жұптардың  әділ  бағасын  берсеңіздер.

Жүргізуші:

4 – кезең:  «Шумақтарына  қарап  әнді  табу

1 – жұп  Хансейіт  Эльзира  мен  Жақсыбай  Аяулым  Еркебұлан  Кумаровтың «Жылтыр  көйлек»   әнін  жалғастыру

2 – жұп   Мейрамбек  Аяжан  мен  Татеева  Ақмарал  Елнұр  Наурызбектің  «Көрдімде  бірден  қадалдым»   өлеңін  жалғастыру

3 – жұп:  Тұрсынбек  Жанерке  мен  Қамбар  Ұлбосын  Ұланғасыр  Қамидің  «Қызыл  Раушан»  өлеңін  жалғастырады

4 – жұп:  Ибрагим  Аяулым  мен  Қиятбек  Аружан  Рахымжан  Жақайымның  «Сен  маған  массың»  өлеңін  жалғастырады

5 – жұп:   Адамбек  Балауса  мен  Татеев  Бақжан  Қайнар  тобының  «Бір  досым  бар»  өлеңін  жалғастырады 

6 – жұп:   Қамбар  Еркеназ  және  Қамбар  Альбина  Заттібек  Көпболсынның   «Дүние – ай»  өлеңін  жалғастырады

Әділқазы алқалары 4 – кезең: «Шумақтарына қаран әнді табу» әндерін орындаған жұптардың әділ бағасын  берсеңіздер.

Жүргізуші:

Бүгінгі  жұлдызды  кешіміздің  жеңімпаздарын  анықтау  үшін  сахна  төріне  қошеметтеп  әділ  қазылар  алқасын  шақырамыз

Жүргізуші:

Жеңімпаздарды жаңісімен құттықтаймыз! Келіп тамашалаған  барша көрермен қауымға мың алғыс. Ән аманат сіздер  үшін, бар  болыңыздар,  сау  саламатта  болыңыздар. Осымен  «Екі  жұлдыз»  ән  байқауымыз  аяқталды.