Денің сау болсын десең
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.
Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды.
Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамдағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырдың текке өтті дей бер. «Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғаныңыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауыру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.
Шопенгауердің «Дені сау кедей - ауру корольден бақытты», - деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.
Дені саудың – жаны сау. Әрине денің сау болмаса, рухани сауыға алмасаң тағы бесенеден белгілі.
Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы.
Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық – ел дамуының басты арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі мәселелердің, үшінші мыңжылдыққа атаған еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі.
Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның да басты байлығы – денсаулық. Осынау байлығымызға балаға денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойлауымыз қажет екенін естен шығарып алатынымыз өкінішті – ақ. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде адам денсаулығын нығайту жолында үкіметіміз ерекше көңіл бөліп отыр. Республикамызда салауатты өмір салтын сақтау барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен «2002 жыл – денсаулық жылы» жари яланғаны баршамызға аян.
Табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені – өзін – өзі сыйлағаны. Осыдан қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық – ел дамуының басты арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі мәселелердің, үшінші мыңжылдыққа атаған еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі.
Адамның денсаулығы – өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады. Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдарымыздың дені сау, ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отыр.
Дені сау болса, адамның өзі де, жан – жағындағы адамдар да бақытты.
Адамға денсаулықтан артық не бар қымбат, ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ дегендей, өкінішке орай, қымбат байлығымызға кереғар әсерін тигізетін зиянды нәрселер де баршылық.
Бір кездері мақтаныш көріп, жерге салып тастаған сан түрлі зауыттардың түтіні адам ағзасын тұншықтыруда. Шашты тік тұрғызар «Семей полигоны» аталған аймақта әлі күнге шейін ауыру балалар дүниеге келуде. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша ауыруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар деп ойлаймын. Саралап алсақ, осының барлығы адам қолымен жасалып, қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізуде.
Ашық аспанымызға қара бұлт төндірген заман кеселдерінен арылу, арылту – көкірегі асу, көзі ашық әрбір азаматтың борышы.
Жаңа ғасыр табалдырығынан болашақтың тағдыры – оның денсаулығында. Ұлы Абай атамыздың «Бес нәрсеге ғашық бол, бес нәрсеге қашық бол» қағидасын берік ұстап, ертегі ата - бабаларымыздың әскерлі сөзі мәйектерімен жеткізе білген денсаулық жайлы ойларының қадірін түсіне білу керек.
Сау дене, азат ақыл, адам көңіл, үшеуімен бақытты болады өмір дегендей, өмірге адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан.
Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі. Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сұлу ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер!
«Нашақорлық – ғасыр дерті» дөңгелек үстел
Мақсаты: Оқушыларға адамзат ұрпағына төніп тұрған ғасыр дертіне айналып отырған нашақорлықтың зардаптарын түсіндіру, зиянды заттардан аулақ болуға шақыру.
Адамгершілік жөнінде және құқықтық тәрбие беру.
Салауатты өмір салтын насихаттау.
Сабақтың түрі: Дөңгелек үстел
Шақырылғандар: Мектеп медбикесі, сынып жетекшілер, оқушылар
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, ой қозғау, әңгімелесу, кері байланыс, суретпен жұмыс, үй тапсырмасы т.б.
Көрнекілігі:
Интерактивті тақта, оқушылардың салған суреттері, кітап – журналдар көрмесі, доп бейнебаян.
Кіріспе
Мұғалім:
-Саламатсыздар ма, құрметті оқушылар, бүгінгі кештің қонақтары!
19 – қараша бүкіл дүниежүзілік шылдым шегушілерге қарсы күрес күніне байланысты 8 сыныбының «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты ашық тәрбие сағатын ұсынып отырмыз. Адам өмірі әрқашанда қымбат. Ал адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады. Ал зиянды әрекеттерге, зиянды заттарға не жатады?
Оқушылар:
-Шылымқорлық, ішімдік, темекі шегу, нашақорлық, насыбай ату т.б.
Мұғалім:
-Бүгінгі сабағымызда біз осы зиянды әрекеттер туралы, оның ішінде есірткі туралы әңгіме қозғап, одан сақтану жолдарын қарастырамыз.
Ой қозғау:
Есірткіні күнделікті өмірде өздеріне серік етіп жүрген адамдар туралы бейнебаянға (видеоролик «Нашақорлық») назар аударайық.
Мұғалім:
Оқушылар, бұл бейнебаяннан не көріп отырмыз? Ойларымызды ортаға салайық. (Оқушылар үйден осы сұрақтарға алдын – ала дайындалып келеді)
1.Есірткі дегеніміз не?
2.Есірткінің қандай түрлері бар?
3.Есірткінің адам организіміне әсері қандай?
4.Есірткіге құмарлық дегеніміз не?
5.Нашақорлар қандай жолмен есірткіге ақша табады?
6.Нашақорлардың қандай құқықтары бар?
Осы сұрақтар арқылы оқушылар өз ойларын ортаға салады
1.Есірткі дегеніміз не?
-Есірткіге – (norkosis) грекше наркоз ұйықтату, ұйқымен ұмыттыру, жансыздандыру дегенді білдіреді.
-Есірткі – бұл адамның көңіл күйін, сана – сезімін, мінез – құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады және аса қауіпті. Және адамның сезімін толықтай жансыздандырады деуге болады.
2.Есірткінің қандай түрлері бар?
Медициналық ауыруды басу үшін қолданылатын өнімдеріне морфин, кофеин, метадон, көкнәр және т.б. заттар жатады.
-Сора өнімдері: гашиш, анаша, марихуана және т.б.
-Қолдан жасалған эфедрин, фентози тәрізді дәрі, дәрмектер және т.б.
-Өндірісте және тұрмыста қолданылатын химиябық заттар (бензин, бензол, толуол және т.б. оларды көбінесе иіскейді).
Адамның организіміне ең қауіпті әрі көп қолданылатын есірткінің түрі – анаша. Анаша – сұр түсті химиялық зат, ол ыстық және құрғақ аймақтарда өсетін көкнәр тұқымынан алынады.
3.Есірткіге қолданудың қандай жолдары бар?
Есірткіге қолданудың бірнеше жолдары бар. Оның бірі – егу арқылы қабылдау, бұл қабылдау есірткіні бірден қан арқылы миға тез жеткізеді. Бір есірткіні бірнеше түрде қабылдауға болады. (Егу, иіскеу, шайнау) Ең көп тарағаны шаншу немесе егу арқылы қабылдау. Тікелей тамырға жіберу өте қауіпті. Нәтижесінде қан айналымы нашарлайды. Сол себепті нашақорлар денелерінен ине салуға болатын жерлерді іздей бастайды.
4.Есірткінің адам организіміне әсері қандай?
Адам организіміне түсетін барлық есірткі түрлері қан арқылы адамның барлық дене мүшесіне әсер етеді. Оның қызметін бұзады, уландырады. Есірткіні алғаш қолданған адамның басы қатты ауырып, әлсіздік басады. Есірткі анда – санда қолданатындардың іші өтеді, асқазаны ауырады, табаққа тәбеті болмайды, жиі құсады, аяқ – қолдарының сіңірі оқтын – оқтын құрысады. Оны мына бейнебаяннан көре аламыз. «Нашақорлық – тұңғиық түбі»
Сонымен бірге жұқпалы ауырулармен жиі ауырады. Тамаққа тәбеті жоғалады, жиі шөлдейді. Олардың көз жанары солғын болады. Есірткіні жиі қабылдайтындардың миы әбден есірткіге үйреніп кетеді. Адамның миы ештеңеге зейін қоймайтын әлсіз болып қалады.
5.Есірткіге құмарлық дегеніміз не?
Есірткіге құмарлық дегеніміз есірткі дертіне шалдыққан нашақордың бүкіл сана сезімі тек қана осыған байланысты болады. Бұл кезде нашақор дәрісіз (есірткісіз) өзін – өзі билей алмайды. Аз мөлшерде есірткі қабылдау нашақордың бірінші мәселесі болады. Есірткіге берілгендігі соншалық, бұл өмірден мүлде бөлектеніп тұрады. Есірткі алғашында рахат сезімге бөлеп, аз уақытта тамаша әлемге саяхат жасаған сезімге беріледі. Ол есірткі үшін туған анасын да өлтіруден тайынбайды. Өйткені ол есірткінің құлына айналады.
6.Нашақорлар қандай жолмен ақша табады?
Есірткі қабылдайтын адамға есірткі алу үшін көп ақша керек. Мысалы орташа есеппен 0,1 г есірткінің құны теңге. Күнде нашақор осы мөлшерде қабылдауы керек. Жұмыс істемейтін адамға 500 теңге үлкен ақша. Нашақорлардың көбінің күнделікті басқа да шығындары болады. Сол себепті әр нашақордың алдында ақшаны қайдан табамын деген мәселе тұрады.
1.Олар алдымен достарынан, туған – туыстарынан, әке – шешесінен, қарыз алады.
2.Ұйінен ұрлау, көбінесе нашақордың қылмыстық жолы үйінен басталады. Қымбат заттарды, зергерлік, техникалық заттарды сатады.
3.Ұрлық – үйдегі ұрлайтын зат біткенде көршілердің, туыстарының заттары және дүкендерге ұрлыққа түседі.
4.Есірткіні дайындау және сату. Нашақорлар арасында мұндай еңбек «адал еңбек» деп аталады. Бұл ең көп ақша табу үшін қолданылатын жұмыс түрі.
7.Нашақорлардың қандай құқықтары бар?
Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық – әлеуметтік оңалту туралы заң бар. Нашақорлықпен ауыратын адамдарға мынадай құқықтар көзделген:
-Білікті медициналық – санитарлық көмек алуға;
-Наркологиялық мекемелер мен ұйымдарды таңдауға;
-Өздерінің наркологиялық сырқатқа шалдығуы туралы ақпарат алуға.
Пікір алмасу. Көрермендерге сөз
Медбике: - Рахмет оқушылар. Есірткі жөнінде көп мағлұмат айттыңыздар. Енді қонақтар өз пікірлерімен бөліссін. Мектеп медбикесі мен инспекторы нашақорлық жөнінде қысқаса айтып өтеді. Оқушылардың сұрақтарына жауаптар беріледі.
1 – сұрақ: Есірткі пайдаланған адам емделе ала ма?
2 – сұрақ: Психотропты заттар дегеніміз не?
3 – сұрақ: Балалар неше жастан бастап нашақорлықпен айналысуы мүмкін?
4 – сұрақ: Есірткі пайдаланғанда адам қайтыс болуы мүмкін бе?
5 – сұрақ: Қалалы жерлерде есірткімен айналысатын немесе оларды сататын адамдар бар ма?
6 – сұрақ: Заң алдында есірткі өсіретін адамдар қалай жазаланады?
7 – сұрақ: Есірткі пайдаланған адамды қалай байқауға болады? Сау адамнан қалай ажыратуға болады?
Медбике:
-Балалар, сіздер үй тапсырмасы бойынша салауатты өмір салтына байланысты суреттер салып келіңіздер. Сол суреттеріңіз туралы өз ойларыңызбен бөліссеңіздер. (Оқушылар өздері салып келген суреттері жөнінде әңгімелейді.) Сурет көрмесімен таныстыру
Медбике:
Мектептің кітапханасында «Нашақорлық ғасыр індеті» атты бұрыш ұйымдастырылған. Жыл сайын Республика баспаларынан түрлі ақпараттық – публицистикалық газет – журналдар шығады. Солармен таныс болыңыздар: «Наркопост», «Есірткісіз болашақ», «ҚР мектептеріндегі зиянды заттарды қолданудың алдын алу» т.б.
Рефлексия: «Шаттық шеңбері»
-Балалар, менің қолымдағы доп ненің белгісі деп ойлайсыздар?
-Дұрыс, ол – спорттың белгісі. Ал спорт – денсаулық кепілі. Біз осы доп арқылы салауатты өмір салтын ұстанатынымызды көрсетіп, бір – бірімізге жақсы тілек тілейік. (оқушылар бір – біріне допты беру арқылы бір – бір тілек айтады)
Қорытынды:
-Ия, оқушылар. Бүгінгі көріп отырғанымыздай нашақорлық – қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Ата – аналар және сіздер мен біздер, әрбір Қазақстан азаматы бірге күресуіміз керек. Олай болса, бір – біріміздің қолымыздан ұстап, жоғары көтеріп, бүгінгі сабағымыздың ұранын айтып жіберейік.
«Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!»
«Біз нашақорлыққа жол ЖОҚ дейміз!»
-Барлығыңызға, келген қонақтарға үлкен рахметімізді айта отырып, тәрбие сағатын жабық деп жариялаймын.