«Бой түзеу – әуелі ой түзеу»
Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгін біз үшін ерекше сабақ болғалы тұр, өйткені сабағымызда барлық оқушыларымыз жиналғалы тұр екен. Мен бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін.
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы
«Бой түзеу – әуелі ой түзеу» деп аталады
Мақсаты:
Балаларды сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа мәдениеттілікке тәрбиелеу. Үлкенге үлгілі, кішіні мақтан етуге, озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу. Білімді, жан – жақты болуға үйрету; оқушылар білімін сынау, білуге, үйренуге, бойларыңда қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу.
Ой бөлісу:
Қызығушылықтарын арттыру:
Дарынды мектептің мақтанышы болуға тәрбиелеу
Барысы:
Жоспары:
Таныстыру
Сұрақ – жауап
Құрастыру
Тіл өнері
Көрініс
Мағына тану
«Жалғастырып көр»
Қорытынды
Осы сабаққа орай сендерді алдын ала үш топқа бөлеміз, яғни бүгінгі сабақта топ бойынша жұмыс жасаймыз. Топтық жұмысымызды бастамас бұрын тақырыпқа сай шағын кіріспе сөзге назар аударайық.
Балалар құстың балапаны жұмыртқадан шайқалып шығып, үсті – басы кеуіп өзіне – өзі келген сәтте серпіліп, қанатын қомдап, ұшуға талпыныс жасайды. Әлсіз қауырсыны талып, денесі тепе – теңдікке ұстай алмай бірнеше рет құлап та қалады.
Адамның өмірге келуі, оның алғашқы тәй – тәй қадамы да осыған ұқсас.
Сендер сәбилік, балалық шақты алғашқы мүшелді артқа салып, жасөспірімдік шаққа келіп жеттіңдер. Күннен күнге бойларың да, ойларың да өсіп келеді. Айнаға қарап, бойларыңды түзеп, қыздар бойжеткен, ұлдар бозбала санатын құра бастадыңдар.
Алайда алдарыңа қойған басты мақсат – білім шыңына талпыну.
Осы мақсатпен тұңғыш рет үйден ұзап шығып, өз бетінше әрекет етуге бет бұрасыңдар. Әрине алғашқыда түрлі қиындықтар кездесуі мүмкін, сендер ондай қиындықтарды мойымай жеке білулерің керек.
1.Таныстыру (Өз тобын таныстыру)
2.бөлім: Сұрақ – жауап
«Кедергі жағдайлар мен шығармашылық тапсырмаларды шешу»
(ұяшықтардағы жасырын сұрақтарды таңдап, қойылған сұраққа жауап беру)
Сұрақтар:
1.Сенің ойыңша әдептілік деген не?
Жауабы:
«Әдеп» адам бойында пайда болатын ізгі қасиет, тәрбиелілік, көрегенділік.
«Әдепті жан ілімсіз болмайды.
Қанша ілім қуса да, әдепсізден ғалым шықпайды»
Демек, әдептілік бар жерде білім ұялайды. Жер бетіндегі барлық кітапты оқып тауысса да, әдептілікпен жұрдай жан ғалым болып жарытпайды.
«Ілім – білім дегенің,
Ол – өзіңді тануың!
Сен өзіңді танымасаң,
Не пайда оқып, жарығым?!»
2.Жолда келе жатырсың, жолдан өте алмай тұрған қарт адамды көрдің не істейсің?
Жауабы:
Жол бойында сызықтар мен белгілерді анықтап өте алмай тұрған адамды жүргіншілер өтпесі арқылы өткіземіз.
3.Досыңмен сөзге келіспей қалдың арада 3 күн өтті бұдан кеш қалсаң достығыңды бұзуың мүмкін?
Жауабы:
Бірінші сөзді бастаған адам өзінің артық кеткенін айтып кешірім сұрайды. Достықты нығайтатын ынтымақ, бірлік, туыстық, бауырмалдық.
4.Бес дұшпанды атаңыз?
Жауабы:
Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек
5.Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес. кімнің нақыл сөзі?
Жауабы: Қорқыт бабанікі
6.Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық іске тартылады?
Жауабы: азаматтар 16 жастан бастап қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Егер ол кәмелеттік жасқа толмаса ата – анасына шара қолданылады. Немесе ата – анасын түрмеге қамайды немесе ата – ана құқығынан айырылады. 16 жастағы балаларды жасөспірімдер түрмесіне жібереді.
7.Тәрбие мен білімнің ордасы?
Жауабы: Білім ордасы
8.Екі адамның бір – біріне деген адалдығы?
9.Қазақстанда қандай білім алуға міндетті?
10.Бес асылды атаңыз?
Жауабы: Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым
11.Мұсылманның бес парызын ата?
Жауабы: Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне және Мұхаммед (с.ғ.с) Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, рамазан айында ораза ұстау, шамасы келсе қажылыққа бару
12.Үш қуаныш деген не?
Жауабы: Алғыс айту, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі
13.Балаға кім сыншы?
Жауабы: Ата
14.Үйде кім, елде кім қадірлі?
Жауабы: Үйде бала, елде ата, ұстаз, хан қадірлі
15.18 жасқа толмаған адам?
Жауабы: Бала
3 – бөлім: «Құрастыру»
(«Ынтымақтастық» сөзінен бірнеше сөз құрап шығу керек)
4 – бөлім: «Тіл өнері»
(Әр топ мақал – мәтелдерді жалғастырып берілген сөзді үш тілде айту)
5 – бөлім: «Көрініс» мектептегі оқиғалар
Мағына тану
Абай сөздері
«Шен – шекпенге жасыңнан, Құмар болма» депті Абай.
«Милары жоқ мысалға, Сыңар болма» депті Абай
«Бүкіл абзал адамның баласы бол» депті Абай
«Атаңменен анаңның, Панасы бол» депті Абай
Өсиетін Абайдың орындап жүр кім қалай?
Абай атамыздың қалдырып кеткен өсиеттерін кім қалай түсінеді? Сол бойынша пікір алмасып көрсек.
Адам бойындағы асыл қасиеттер
Жауабы: шыдамдылық, қайырымдылық, білімділік, отансүйгіштік, сыйластық, еңбекқорлық, мәдениеттілік, адамгершілік
Әрі қарай «Жалғастырып көр» ойынымен жалғастырсақ
Әрбір адамға білім керек, өйткені .......
Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім ........
Оқушылар дайындалып, әр топ өз ойларын ортаға салады.
8 – бөлім: қорытынды
Талмасын қанат, сөнбесін үміт,
Армандар алға жалғассын.
Соқса да дауыл, өрт болып өмір,
Қанаттар балғын талмасын, - деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Тыңдағандарыңызға рахмет!