Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Түркістан облысы Келес ауданы №53 Құркелес жалпы орта мектебі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы Келес ауданы №53 Құркелес жалпы орта мектебі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/keles-bb.edu.kz/53kyrkeles-keles.edu.kz/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Аяулым  менің  анашым!

1 – жүргізуші:

Мерейлі  сәт  мерекеге  ұласып,

Сегізінші  наурыз  келді  қыр  асып.

Қыз – келіншек,  нәзік  жандар  мейрамы –

Көктемімнің  шапағатын  тұр  шашып.

2 – жүргізуші:

Құттықтаймыз  аналарды,  қыздарды,

Мерекеден  шуақты  бір  із  қалды.

Болсын  әркез  көтеріңкі  көңілдер,

Нұрын  шашсын  мерекеге  өңірлер!

1 – жүргізуші:

8  Наурыз  қуанышқа  бөленсін!

Әкелсінші  жаздың  жылы  елесін!

Барлық  халық  аман  болып  елімде

8  Наурызға  жете  беріңіздер  келесі!

2 – жүргізуші:

Осы  өлең  жолдарын  жолдай  отырып, сіздерді  8 – наурыз  халықаралық  әйелдер,  қыздар  күнімен  құттықтаймыз!

1 – жүргізуші:

Армысыздар  құрметті  аналар,  ұстаз  апайлар  және  қызғалдақ  қыздар!  Бүгін  көктемнің  алғашқы  мерекесі  8 – наурыз  халықаралық  әйелдер,  қыздар  күні  мерекесіне  арналған  мектеп  оқушыларының  «Аяулы  менің  анашым!»  атты  кешімізге  қош  келдіңіздер!  Мерекелеріңіз  құтты  болсын,  отбасыларыңыз  аман,  дендеріңіз  сау,  балаларыңыздың  қуанышына тоймай,  мектептегі  іс – шаралардан  қалмай  жүре  беріңіздер!

1 – оқушы:

Дүниенің  ең  қымбаты  ана  екен,

Ананың  ең  тәттісі  бала  екен.

Түн  ұйқысын  төрт  бөліп  тәрбиелеген,

Ананың  орны  бөлек  дара  екен.

Бір  өзіңнен  бастап  өмір  жолдарын,

Жүрегіңе,  жүрегімді  жалғадым.

Өзің  мына  сыйға  берген  өмірде.

Ақ  сүтіңді  ақтап  өту  арманым.

Келесі  тамашалайтын  әндеріңіз  «Анаға  сәлем!»  орындайтын  Ақберді  Ақсауле:
Мереке  күніңмен,

Қарсы  алам  өзіңді

Сәбилік  сезіммен,

Арнаймын  сөзімді

Көргенше  алаңмын

Аңсаймын  толғанам

Қабыл  ал  балаңның

Сәлемін  жолдаған 
Бөбегің  оянса
Ұйқыңнан  мың  тұрдың

Көктемдей  балауса

Көктемдей  құлпұрдың.
2 – оқушы:

Барша  ана,  құтты  болсын  мерекеңіз!

Әрқашан  да  ана,  сізбен  берекеміз!

Ақтасақ  ақ  сүтіңді,  асыл  анам,

Сонда  біз  кісілікке  теңесеміз!

Адам  бар  ма  ана  сүтін  таптаған,

Алуан – алуан  ауыр  сыңды  аттаған.

Адалдықты,  ар – намысты  сақтаған,

Мен  анамның  сонысына  мақтанам!

3 – оқушы:

Жарқын  жүзді  жан  анам

Сендей  болсын  бар  адам.

Сендей  болса  бар  адам

Шаттық  кетпес    баладан.

2 – жүргізуші:

Дүниеде  ең  кемеңгер  дананы,

Ана  табады,  аялайды  бағады

Сол  үшінде  құдіретіңе  бас  иеп,

Құрметтейік  қасиетті  ананы – дей  кле

Би:

4 – оқушы:

Бұл  жерде  таппай  тұрмын  тіпті  пайыз

Бар  дейсің  бұл  күндері  тіп – тік  қай  іс.

Наурызда  аналарға  сый  ұсынып

Жылына  бір – ақ  рет  құттықтаймыз.

1 – жүргізуші:

Ана  баланы  тоғыз  ай  құрсағында,  екі  жыл  бауырында  өмір  бойы  жүрегінде  көтереді  деген  сөз  бекер  айтылмаған,  осы  сөздің  дәлелі  ретінде  келесі  кезекті  әнге  берейік.

2 – жүргізуші:

Мұқағали  Мақатаевтың  «Ана»  атты  өлеңі  оқылады.

Ана

Сен  бақыттысың,

Жыламағын!

Жай  түсіп  жатқанда  да  құламадың

Тәңіріңнен  мен  едім  ғой  сұрағаның

Сондықтан  жыламағын,  жыламағын!

Бармын  ғой

Тірімін  ғой,

Қасыңдамын.

Өлмеймін,  мен  өзіңдей  асылданмын.

Таусылып,  өз – өзіңнен  шашылмағын,

Байырғы  берекеңді  қашырмағын.

Мен  сенің  қанықпын  ғой  көз  жасыңа

Өзім  кепіл  тот  басып,  тозбасыма.

Екі  жыр  жазсам  саған  бірін  арнап

«Ана»  деп  жаздым  ылғи  сөз  басына.

Тәңірім  кеше  көрсін  кесірімді

Аспанға  жазсам  сенің  есіміңді!!!

Ана,

Сен  бақыттысың,  тербете  бер

Құба  талдан  иілген  бесігімді...

1 – жүргізуші:

Ана  десем  шешек  ашып  жанары,

Өмірімнің  бастау  алар  ажары.

Ана  деген  тіршілікке  пана  боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей келе «Арулар асыл жандар» әнін орындайтын _______________________________
2 – жүргізуші: