«Қыз сыны – 2023» байқауы
Мақсаты:
Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс – қимыл, жүріс – тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс – әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау одан әрі дамыту.
Жүргізуші:
Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызды қош келдіңіздер дейміз.
Атам қазақ ерте заманнан – ақ ұрпақ өсіріп, оны тәрбиелеу ісіне ерекше назар аударған. Әсіресе қыз балаға аса көңіл бөлген оны ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп адагершілікке, имандылыққа тәрбиелеген.
Жүргізуші:
«Қыз сыны – 2023» атты байқауын ашып беру сөз кезегін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омаров Анарбай Мустахимович ағайға ұсынамыз.
Жүргізуші:
Олай болса бүгінгі «Қыз сыны – 2023» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
(Қыздарды таныстырып ортаға шақыру)
Жүргізуші:
Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен биікке самғаған.
Адалдықты жаны сүйген қашаннан,
Жақсыбай Аяулым да қатарынан қалмаған.
Атыңнан айналайын Татеева Ақмарал,
Сенің ісіңе жақсы баға берсем деген.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.
Өзі де ерке, сөзі де ерке Адамбек Назым,
Жақсы ісімен көрінеді қайда да.
Назым қыз әсем әнін шырқайды,
Өнерімен тамсандырып ортада.
8 – сыныпта оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын.
Ән айтып би де билейтін,
Тұяқбайева Аружан өнерлі қызымыз
Ардақты ұстаз – білім берген балаға,
Білімменен шырақ жаққан санаға.
Ақ жүректен пәк сезімін арнайды,
Асан Қымбат қыздарыңыз ортада.
Мен қазақтың қызымын қасиетті,
Бойға жиған бар жақсы өсиетті.
Инабатты, ибалы Ілесбай Айша
Қарсы алайық көрсетіп қошеметті.
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
1.__________________________________________________________
2.__________________________________________________________
3.__________________________________________________________
4.__________________________________________________________
Жүргізуші:
Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман тәтті.
(сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар)
Жүргізуші:
1.Бөлім: «Сәлемдесу» байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін – өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты сынға түседі.
2.Бөлім: «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» аруларымыз жанды дауыста ән айтады.
3.Бөлім: «Сұрақ – жауап» бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
4.Бөлім: «Жас аспаз» бұл бөлімде аруларымыз өз қолдарымен үйден иленіп келген қамырды жайып, кеспе кеседі.
5.Бөлім: «Қыздың көркі – шаш» бұл бөлімде аруларымыз көрермендер арасынан бұрымды қызды алып шашын әсемдейді.
Жүргізуші:
Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.
1.Бөлім: «Сәлемдесу» байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін – өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты сынға түседі.
Жүргізуші:
Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып – демекші аруларымыз жанды дауыста ән айтады.
Жүргізуші:
«Сұрақ – жауап»
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі сұрақ – жауап сайысында сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.
1 – сұрақ: Ұлттық бас киімді ата. (Сәукеле, тақия, бөрік т.б)
2 – сұрақ: Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (Құрт)
3 – сұрақ: Үш арсызды ата. (Ұйқы, күлкі, тамақ)
4 – сұрақ: Ою – өрнек түрлері нешеге бөлінеді: (4 жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық)
5 – сұрақ: Киізге ою – өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
6 – сұрақ: Табиғи жүнді, түбіті неден алады? (Қой, ешкі)
7 – сұрақ: Қамырдың негізгі шикізаты (Ұн)
8 – сұрақ: Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (Түсте)
9 – сұрақ: Нанның кептірілген бөліктері (Сухари)
10 – сұрақ: Шашқа тағатын әшекей (Шашбау)
11 – сұрақ: Мойынға тағатын әшекей (Алқа)
12 – сұрақ: Қыздың бұрымы дегеніміз не? (Өрілген шаш)
13 – сұрақ: Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (Шелпек)
14 – сұрақ: Құрғақ жерде сақтайсың, Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз)
15 – сұрақ: Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты (Үтік)
Жүргізуші:
Дүние түгел балқитын,
Шұғыла шашып таңынан.
Сағыныш исі аңқитын
Анамның жайған қамырынан – дей келе 4.Бөлім: «Жас аспаз» бұл бөлімде аруларымыз өз қолдарымен үйден иленіп келген қамырды жайып, кеспе кеседі.
Жүргізуші:
Ақ үйден бір қыз шықты,
Көзі күлген.
Шаштары он күн тарап,
Бес күн өрген – демекші
5.Бөлім: «Қыздың көркі – шаш» бұл бөлімде аруларымыз көрермендер арасынан бұрымды қызды алып шашын әсемдейді.
Жүргізуші:
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» дегендей қыздарымыз ата – бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт – дәстүрін, әдеп – ғұрпын сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы болып өссе дейміз. Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Бекітемін
Мектеп директорының м.у.а:
__________________________
А.Омаров
№53 «Құркелес» жалпы орта білім беретін мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайыс
Тақырыбы: «Қыз сыны – 2023»