Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Түркістан облысы Келес ауданы №53 Құркелес жалпы орта мектебі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы Келес ауданы №53 Құркелес жалпы орта мектебі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/keles-bb.edu.kz/53kyrkeles-keles.edu.kz/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

ҚыркүйекБілім күні  (Алғашқы қоңырау)


  1. Оқушыларды сапқа тұрғызу

  2. Қонақтардың орналасуы

  3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  туын  шығару

  4. Салтанатты жиынды   ашу,   мектеп  директорына   сөз   беру

  5. Әнұран шырқалады

  6. Құттықтау сөз (қонақ,   ата – ана, ұстаз)

  7. Ән жолданады

  8. 1 - сынып оқушыларының әдеби  монтажы

  9. Салтанатты жиынның жабылуы

  10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік   туын   шығару

  11. Алғашқы қоңырау қағылады

  12. Салтанатты жиынды жабу   үшін  мектеп  директорына  сөз  беріледі.

  13. Салтанатты жиын 1 - сынып оқушыларының алғашқы сабақтарымен жалғасады.

(Әуен ойналып тұрады)

I – жүргізуші:
Қайырлы   күн,  құрметті  ұстаздар   мен   қадірменді   ата – аналар!
ІІ – жүргізуші:
Арма   ағайын,  мектеп  оқушылары  мен  балауса  балдырғандар!
І – жүргізуші:
Жаңа   оқу  жылына  қадам  басарда  өткен  оқу  жылында  болған  оқиғаларға да  шолу  жасап  өткеніміз  абзал.  Қазақстан   Республикасы  тәуелсіздігінің 30 жылдығы   қарсаңында   ел  рәміздерінің  30  жылдығы  алғашқы   оқу жылының   тақырыптарына   сай   келіп   отыр.
ІІ – жүргізуші:
Ал   ендеше  барлығымыз  да  сағынышпен   күткен   “ Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!”  атты   білім   күніне   арналған  мерекелік   шарамызды ашық   деп  жариялаймыз.
І – жүргізуші:
Және   биылғы  еліміздің  даңқын  асқақтатқан  оқиғалар  көп  болды
Шуақты   қыркүйек   айының   алғашқы   күні    барша   оқушы  қауым  алтын ұя   мектебіне  қайта   оралып,   мектеп   табалдырығын   алғаш    аттаған балдырғандармен   бірге  сыңғырлаған   қоңырау   үнімен   табысып   отыр.
Құрметті   ұстаздар,  қонақтар,   ата – аналар,  аяулы  оқушылар!   Бүгінгі сағынышқа,   шаттыққа  толы   «Алғашқы қоңырау»    мерекелеріңіз баршаларыңызға   құтты   болсын!
ІІ – жүргізуші:
Көк   тудың   желбірегені
Жаныма   қуат   береді,
Таласқа   түссе   жан  мен  ту
Жан    емес   маған   керегі
Көк   тудың  желбірегені –
Қазақстан   Республикасының   Мемлекеттік   Туы   ресми   түрде   енгізілсін.
(Туды   енгізу   рәсімі)
Барлығы: «Қазақстан   Республикасының   мемлекеттік   әнұранын орындайды.
І – жүргізуші:
Бүгін   біздің   қуанышымызға   ортақтасу   үшін   мерекемізге   келген құрметті   қонақтармен  таныс   болыңыздар:

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

ІІ – жүргізуші:
Жан   шуағы,  күн   шуағы   арай  ма,
Ұстаз   деген   әулиедей   талайға
Басын   иіп   өткен  жоқ  па  біз  түгіл,
Әл – Фараби, Омар   Хаям,   Абай  да.

І – жүргізуші:
«Сәлем   саған   сүйікті,   алтын  ұя  мектебім!»  мерекесін  салтанатты түрде   ашу   үшін   алғашқы   сөз   кезегі   мектеп   директоры  Жанхазы  Ташибаев  мырзаға   беріледі.
ІІ – жүргізуші:
Құшақ   жая  қай  жерде   де  қарсы  алар,
Абзал   жан  бар,  биік  тұлға  байсалды.
Қуаныш   пен  салтанатты  шақтарда
Қонақтар   да  ақ  тілегін   ақтарар.
Сөз   кезегі   қадірменді   қонақтарда.
( қонақтарға сөз беріледі)

I – жүргізуші:
Өмірдің бейбіт бағы гүл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.

1 - сынып оқушысы:

Құттықтап   білім   күнімен,
Сыйланар   сіздерге әліппе.
Бар   білімнің   бастауы,
Қадірлеп   оны   дәріпте.

IІ – жүргізуші:
Егемен   елдің  төсінде,
Шуағын   шашсын   арай,  күн
Азамат   болып   өсіңдер,
Қызыға   жұрттар   қарайтын.

1 - сынып  оқушысы  Айтжан  Раянаның   орындауында   “Мектебім” әнін қабыл алыңыздар.

I – жүргізуші:
Айқара  ашқан  есігін
Қайнары  білім  нұрының
Мектебің – алтын бесігің
Жылы  ұяң, міне сыныбың


Қаламсап алып қолыңа,
Достасарсың да әріппен
Шуағын себер жолыңа,
Жан серігің - әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп
табалдырығын аттағалы отырған 1 - сынып
оқушыларына  сәтті қадам, таудай талап тілейміз.
IІ – жүргізуші:
  Халқымыз “Ата - баба дәстүрі - асыл мұра” дегендей “Бала – бауыр етім” деп баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, ашамайға
отырғызу сияқты тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 6 - ға келіп, 1 - сыныпқа қабылданып,“Алғашқы қоңырау мерекесіне қатысу сәті.
Бұл той - баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге талпынған қадамы  құтты  болсын!


I – жүргізуші:
Аялар бейбіт күн нұры,
Мектебім, бізге жөргексің.
Алғашқы қоңырау сыңғыры
Ән болып сені тербетсін.


Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,
Жаңа оқу жылын ашқасын
Бал үнің сенің сырлы ырғақ
Сыныпқа бізді бастасын


Қоңырау үні шарықта,
Өзіңнің сиқыр тіліңде
Қызмет көрсет халыққа
Шақырып өнер – білімге


Жаңа оқу жылы жемісті
Мерейі үстем жыл болсын
Шәкірттеріміз өрісті
Елім дер қыз бен ұл болсын.
II – жүргізуші:
Ендеше  балғын  балалықпен  қоштасып,  мектеп  табалдырығын алғаш  аттағалы  отырған  1 - сынып  оқушылары  мен алғашқы ұстаздарына   қошеметпен қол  соғып қояйық! Мектепке 1 - сынып оқушылары мен ұстаздарын алғашқы білім күніне арналған сабаққа шақырамыз.

МАД – сыныбы сынып жетекшісі  Гулайна  Ешова
1 - сыныбы сынып жетекшісі  Зауре  Аймурзаева
2  - «Ә» сыныбы сынып жетекшісі  Гулниса  Кудабаева
2 – «А» сыныбы сынып жетекшісі  Мадина  Абиева
3 - сыныбы сынып жетекшісі  Сұлтан  Изимов
4 - сыныбы сынып жетекшісі  Роза  Жанкулова

5 – сыныбы сынып жетекшісі  Гулшахар  Уркінбаева

6 – «А» сыныбы сынып жетекшісі Ерлан  Тәжіқұлов

6 – «Ә» сыныбы сынып жетекшісі Нұржан Хангелдиев

7 – «А»  сыныбы сынып жетекшісі Айдана Аманбаева

7 –  «Ә» сыныбы сынып жетекшісі Гулфари  Айтбаева

8 – сыныбы сынып жетекшісі Дауіржан Ақпанбетов

9 –  «А» сыныбы сынып жетекшісі Айнұр  Нурымбетова

9 –  «Ә» сыныбы сынып жетекшісі Жанат  Утешова

10 – сыныбы сынып жетекшісі Мөлдір  Тастанова

11 – сыныбы сынып жетекшісі Галия  ТуртбаеваОқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей - ақ табылар – алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар.
Ақ жол, бүлдіршіндер!
Біліммен асып - тасайық
Тілеуін берсін көк көптің
Тілекпен осы ашайық
Есігін енді мектептің
І - жүргізуші:
Осымен 1 - қыркүйек білім күніне арналған «“ Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!” мерекесі өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты  болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!
ІI – жүргізуші:
Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! “Алғашқы қоңырау!” мерекесі 2022 - 2023 оқу жылының алғашқы сабағымен жалғасады.
Ақ жол сіздерге, мектеп оқушылары!